Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Ұлы Жеңістің 73 жылдығы атап өтілуде

Қазақстан халқы бүгін, 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнінің 73-жылдығын атап өтуде. Барлық қалаларда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Ұлы Жеңістің 73-жылдығын атап өтуде

Дәстүр бойынша, осы күні өткізілетін шаралар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен және соғыста қаза тапқандарды еске алумен басталады.

Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған мерекелік іс-шара бойынша Астанада «Студент» саябағының жанында шатыр қалашығы орналасады. 11 әскери шатырда ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылады. Жеңіс күнін мерекелеу «Студент» саябағында және қала алаңында концерттік бағдарламамен жалғасады. Сондай-ақ, мерекелік шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары соғыс жылдарындағы әндерді орындайтын болады.

Дәстүрлі түрде осы күні Елордада және Қазақстанның басқа да қалаларында «Жаужүрек полк» маршы өтеді.

Айта кетейік, бес жылға созылған сұрапыл соғыс алаңында шамамен 1 миллион 800 мың қазақстандық шайқасқан. Майданнан аман-есен оралған жүздеген мың отандастарымыз ордендер мен медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанып, 110 адам Даңқ орденімен марапатталды. Алайда, 630 мың жауыргер соғыс кезінде қаза тапқан, жоғалған және тұтқыннан оралмаған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні елімізде Ұлы Отан соғысының 2 776 ардагері мен  157 679 тыл еңбеккері өмір сүреді.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Медведевті Ресей Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Елбасы: Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны

Ақтау полициясы балаларға оқ атқан ер адамға қатысты пікір білдірді

Мамырда жауған қар: Алматы облысында құтқарушылар жолда қалған 60 қытайлықты құтқарды (фото)

Талқылау