Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан СІМ ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан СІМ ресейлік ӘҒК-нің Су-24 ұшағын атып түсіру оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды STAN.KZ тілшісі сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап.

СИМ

“2015 жылғы 24 қарашада ресейлік ӘҒК-нің Су-24 ұшағын атып түсірген қайғылы оқиғасы өкініш тудырады. Осы оқиға салдарынан ресейлік әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңілімізді білдіреміз”, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

“Қазіргі кезде терроризмге қарсы халықаралық күрес жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта Ресей де, Түркия да әрекет етуде. Қазақстан да бұл күресті қолдайды. Осымен қатар, көп жылдар бойы қалыптасқан Ресей-Түрік қатынастарының нашарлауы қатты алаңдаушылық тудырады. Осы оқиға антитеррористік кампанияның тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Ресей және Түрік тараптарын аталған қайғылы оқиғаға қатысты ден қоюда ұстанымдылық білдіруге және жағдайды өршітіп алмау үшін барлық іс-шаралар мен байланыс жолдарын пайдалануға шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды. Түркия президенті өз кезегінде ұшқыш 5 минуттың ішінде он рет әуе шекарасын бұзғанын,сол себепті атуға мәжбүр болғандарын айтқан еді.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. “Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді”, – деп мәлімдеді Путин.

Талқылау