Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Рохинджа мұсылмандарына жарты миллион доллар жібереді

Қазақстан Бангладештегі мьянмалық рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек көрсетеді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев шұғыл резервте тұрған 500 мың доллар (166 млн теңге) қаржыны аударуға шешім шығарды.

Жіберілетін қаражат Қазақстан немесе басқа елдердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген болатын. Бюджеттен бөлінген қаражат шұғыл резервте сақталып келді.

Бұған дейін, Қазақстан Мьянмадағы оқиғаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысқан болатын.

Онда БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фелтман БҰҰ басшысының баяндамасын хабарлады.

“25 желтоқсанда Бангладешке рохинджа босқындарының келе бастауына төрт ай толады. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл уақытта 665 мың адам келген. Бұл Кокс-Базардаға жалпы рохинда санының 867,5 мың адамға жетуіне әкелді”, – деген еді Көші-қон бойынша халықаралық ұйымының ресми өкілі Джоэл Миллман.

Рохинджа, Мьянманың Ракхайн штатында тұрып жатқан этникалық бенгал-мұсылмандары. Рохинджа содырларының мьянмалық шекара постарына жасаған шабуылынан кейін ел әскері кең ауқымды жауапты операция салдарынан олар Бангладешке қашқан.

Тағы оқыңыз:

Дариға Назарбаева: Әрбір әкімде бір-бір тікұшақтан болуы керек

Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі

Президент зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялауды тапсырды

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Талқылау