Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген адвокаты қыз зорлағаны үшін айыпталды

Қостанай облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген заңгері 64 жастағы азамат адам зорлағаны үшін айыпталып, оның әрекетіне қатысты 18 мамыр күні сот үкімі шыққан.

e28bd7e092300a43e43fd67ec1f0bb14

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

2016 жылдың 21 қарашасында сағат 17:00 шамасында Б.Хасенов алдау жолымен М. есімді азаматшаны өз көлігі арқылы Затобольск елдімекеніне алып келеді. Б.Хасенов оған күш қолданып, “444” кафесіне жақын жерде, өз көлігінің ішінде зорлайды.

Соттың негізгі мәселелері қаралып жатқан кезде, айыпталушы мен зардап шегуші бір-бірінің үстінен кемсіткені үшін деген желеумен бір-бірін сотқа беріп үлгерді.

“Айыпталушы әрі зардап шегуші ретінде Б. Хасенов өз кінәсін мойындаған жоқ және ол көзбе-көз беттестіру кезінде, М. кемсітті деп айтты. Айтуынша М. оның ар-намысына сөз келтіріп, неше түрлі бейәдеп сөздер айтқан”, – дейді сот.

Сот шешімімен Хасенов бәрібір кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл (63 630), ал зардап шегушіге 56 725 теңге айыппұл салынады. Сонымен қатар зардап шегушінің пайдасына заңгерден 50 мың теңге өндіріп алынған.

Және беттестіру кезінде М. заңгердің бетінен ұрған. Ер адам осы әрекеті үшін оны тағы сотқа берген. Әйел ҚР ҚК 108 бабы (әдейілеп адам денсаулығына зиян келтіру) бойынша айыпталып, 25 АЕК (56 725) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ал “зорлау” фактісі бойынша Хасенов кінәлі деп танылып, 2 жылға сотталады. Бірақ, амнистияға ілігіп, негізгі жазадан құтылып кеткен. Бірақ, 5 жылға дейін заңгерлік жұмыспен айналыса алмайды.

Зардап шегушінің пайдасына сотталушыдан 1 миллион теңге моральдық өтемақы ретінде төлену мәселесі міндеттелді.

Оқи отырыңыз:

EXPO-2017 билеттерін қалай тегін алуға болады?

Атырау облысында “халық емшісіне” емделген әйел бірден көз жұмды

СҚО-да бұрын бір адамды құтқарып қалған қыздың жасырын адам өлтіргені анықталды

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Талқылау