Қазақстан Ресеймен бірге азалы: барлық қалада қайтыс болған балаларды еске алу акциясы өтті (фото,видео)

Қазақстанның бірнеше ірі қаласында Ресейдегі сауда орталығында болған қайғылы жағдайға байланысты халық жиналды. Олар өрт кезінде қайтыс болған балалардың және ересектердің рухына тағзым етіп, соңында қалған туыстарына көңіл айтты,-деп хабарлайды Stan.kz.

Хромтау халқы қаланың орталығына жиналып, апат кезінде қайтыс болғандардың рухына арнап ақ шарларды әуеге ұшырған. Ондаған адамның ішінен белсенділер сөз сөйледі.

“Біздің қолымыздан қазірге көңіл айту ғана келеді. Ресейліктерге ауыр тиіп жатқан қайғыға ортақпыз”,-деді халықтың алдына шығып сөйлеген хромтау тұрғыны.

Қарағандыда мыңдаған адам жиналды.

Қарағандыда мыңға жуық тұрғын  орталық саябаққа жиналды. Апат кезінде қаза болғандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Шам жағып қайтыс болған 41 баланы құрметіне жұмсақ ойыншықтар қойып шықты.

«Кемеровода болған жағдай қаншама халықтың жүрегін қан жылатты. Қазақстан халқы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамыз. Шенеуніктер,құқықтық орган қызметкерлері кінәлілерді тауып, жазасын береді деп үміттенеміз.

Ойын-сауық орталығы әкімдігіне де шара қолданылсын. Кемероводағы жағдайды еске алудың өзі қорқынышты дейді  қала тұрғыны айжан Базарбаева

Алматы халқы Ресей елшілігінің қабырғасына гүл шоқтарын қойып, шамдар жақсы.

фото:sputniknews.kz

Астана халқы Ресей елшілігінің алдын көңіл айту орнына айналдырды. Халық гүл шоқтары мен жұмсақ ойыншықтарды қайғылы жағдай орын алған күннен бастап қоя бастады.

Астаналық Олеся Ермакова  Ресей елшілігінің алдына өзінің кіші ұлымен бірге келген. Ол Кемерово қаласында болған апатты естігенде егіліп жылаған.

«Өзім үш баланың анасымын. Бұл деген жан түршіктірер жағдай. Кемерово біз сіздермен біргеміз, қайғырып отырмыз.

Өз отанымды мақтан тұтамын. Халқымыз сондай мейірімді. Осындай адамгершілігі мол жандарға алғыс айтамын. Достықта, бір-бірімізді жақсы көріп өмір сүрейікші»,-дейді  Олеся Ермакова

фото:sputniknews.kz

фото:sputniknews.kz

Ақтау қаласының тұрғындары Кемеровода алапат өрттен қаза тапқан адамдарды еске алып, марқұмдардың рухына құран бағыштады

Тұрғындар “Мәңгілік алау” мемориалды ескерткішінің жанына жиналды.

200-ге тарта тұрғын ойыншықтар, гүл шоқтарын алып келген. Марқұмдардың руxына құран бағыштап, қызыл жалынның кесірінен қыршын кеткен бүлдіршіндердің рухына тағзым етті.

Еріктілер кешке қарай шырақ жағып, бүкіл Ресей xалқының қайғысына ортақ екендіктерін жеткізді. “Бұл өте қайғылы жағдай. Өрттің осыншама баланың өмірін қиғанын естіген кезде жүректеріміз жылады. Апат айтып келмейді.

25 наурыз күні ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында өрт болды. Соңғы есеп бойынша 64 адам қаза болды, олардың 41 балалар. Өрт орталықтың жоғарғы қабатынан шыққан. Онда кинотеатр мен балалар алаңы орналасқан еді.

Оқи отырыңыз:

Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар