Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресейге зымыран қалдықтарын құлатуға жер беретін болды

“Байқоңыр” ғарыш айлағынан самғайтын “Союз” зымыран тасығышының қалдықтары құлайтын жер телімін бергені үшін Ресей тарапы Қазақстанға жылына 460 мың доллар төлейді.

14441353217tw6j_1000x768

Сурет vlast.kz

Бұл туралы “Наш Костанай” басылымы хабарлайды.

“Әңгіме құлау траекториясының өзгеруінде болып отыр. Бұрын олар Жезқазған жаққа қарай түссе, енді Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы және Қостанай облысы Жангелді ауданындағы арнайы аумаққа құлайтын болады. Бұл мақсатқа 63 мың гектер (630 шаршы шақырым) жер бөлініп отыр: 22 мың Ақтөбе аймағынан және 41 мыңы Қостанайдан”, – деді инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.

Жангелді ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Аудан көлемі – 37,6 мың шаршы шақырым, ал халық саны – 13 738.

789e5307301262dc60d25d0e9a03c66f

Ырғыз ауданы Ақтөбе облысына тиесілі. Аудан көлемі – 41 5000 шаршы шақырым, ал халық саны – 15 544 адам.

3e797d9d285679fe80fc37fa20a24a85

“Депутаттардың сұранысы бойынша мен екі облыстың әкіміне жаздым. Олар бөлінген қаражаттың облысқа “тәуелді” болмайтынын, аудан бюджетінен кететінін айтты. Бұл табыс бөлігі, сол себепті қаржы әлеуметтік шығындарға кетеді. Мен картаны қарап шықтым, онда елді мекендер аса көп емес. Сондықтан сол аудандарда тұратын адамдар әлеуметтік қажеттіліктеріне еркін ақша ала алады”, – деп атап өтті вице-министр.

Альберт Раудың сөзінше, қазір парламентте ресейлік тараппен Қазақстаннан жер телімін беру туралы мәселеге орай ратификация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы зымыран қалдықтары бір жарым жылдан соң құлауы мүмкін.

Талқылау