Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан-Ресей шекарасында құжаты жоқ азамат ұсталды

Қазақстан мен Ресей шекарасынан ешбір құжатсыз өтпекші болған азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оны 10 жыл бұрын әпкесі ешбір құжатсыз Ресейге әкеткен екен.

8703182

Шекара қызметкерлері берген ақпаратқа сәйкес, 9 желтоқсанда Қостанай шекара бөлімінің Ақбалшық заставасында мемлекет шекарасына 150 метр жетпейтін жерде жас жігіт ұсталды. Ол заңсыз түрде Ресейден Қазақстанның Починовка пункіне өтпекші болған. Өзін 1991 жылы туған Қазақстан азаматы ретінде таныстырған.

Жігіттің сөзіне қарағанда, оны 2005 жылы тәтесі Ресейге алып кеткен. Ол содан бері өзінің туған жері мен бала кезіндегі достарын қатты сағынған көрінеді. Оның үстіне, құжаттарын да рәсімдеу керек болған. Өйткені осыдан 10 жыл бұрын оны әпкесі ешбір құжатсыз әкеткен екен.

Ұсталған жігіт ҚР ҚК 392-бабы, 1-бөлімі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол әзірге Ақбалшық шекара бөлімінде отыр.

Талқылау