Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Еуропалық Одақ тарихи құжатқа қол қойды

Қазақстан Еуропалық одақпен қатынасын күшейтті. Астанада Сыртқы Істер министрі Ерлан Ыдырысов пен  Еуроодақтың лауазымды өкілі 17 жылдан соң жаңартылған жаңа келісімге қол қойды.

80b4b307baa24a3535d4ca86461

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

3 жыл бойы мұқият дайындалған құжат бойынша, алыс-беріс қазіргіден де ерекше қарқын алмақ.

«Тарихи» деп бағаланған құжатқа қол үшін Астанаға Еуропалық Одақтың Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини келді. Еуроодақ пен еліміздің арасындағы жаңа келісім бойынша, экономикалық байланыс енді арта түседі. Оның үстіне Қазақстан мен кәрі құрлық арасындағы алыс беріс 50 миллиард доллардан асып отыр. Бұл Ресей мен Қытай арадағы сауда-саттықтан да көп. Бірақ, ресми Астананың Еуроодақпен қатынасты  күшейтуі Еуразиялық Одақтың шымбайына батпауы керек. Өйткені, көпвекторлық саясат ұстанған Қазақстан екі тараппен де стратегиялық әріптес боп қала бермек. Алайда, Еуропаның да өз ойлағаны бар. Олар қазақтың қазбалы байлықтарының қызығын көргісі келеді. Ал еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини бүгін Орта Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен де кездесіп, аймақтағы геосаяси ахуалды олармен жеке-жеке талқылады.

“Бірнеше келіссөздерден соң тамағым қарлығып даусым шықпай қала жаздады. Еуропалық Одақ Орта Азия елдеріне ерекше көңіл бөліп, ортақ экономикалық жобаларымызды жүзеге асыруға дайынбыз. Ол жай қағаз емес, нақты іске негізделген құжат”, – дейді Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини.

Талқылау