Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қытайда футболдан өткен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

Бүгін Бейжіңде өткен футбол бойынша 20-шы дипломатиялық турнирде дипломаттар мен Қазақстан ұлттық компаниялары өкілдерінен «Астана» командасы бірінші орынды иеленді.

20160514152317

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Жарысқа Қытайда аккредиттелген Түркіменстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея, Жапония, Венгрия, Алжир және басқа да елдердің дипломатиялық өкілдіктерінінің ішінен, сондай-ақ Қытай дене шынықтыру және спорт бас басқармасынан 13 команда қатысты.

Іріктеу ойыны барысында Қазақстан командасы  топтан шығып дипломатиялық футбол чемпионатында айқасты жалғастыра алды. ¼ және ½ тартысты да күрделі ойындарда ҚР елшілігінің құрамасы Оңтүстік Кореяны (2:0) және Ресей елшілігін (негізгі есеп – 1:2, пенальти бойынша – 5:4) жеңіп, финалға шықты.

Финалдық ойында қазақстандық команда Түркіменстан елшілігі құрамасын ойыннан кейінгі пенальти сериясында жеңді. Кездесудің негізгі және қосымша уақытты 0:0 есебімен аяқталды, ал 11 метрлік соққы сериясында қазақстандықтар сәтті ойын (1:0)  көрсетті.

20160514152322

Қазақстан құрамасының капитаны Болат Сырлыбаев хабарлағандай, бұл  Бейжіңде дипломатиялық турнирде қазақстандық команданың екінші жеңісі. “Қазақстан дипломаттары мен ұлттық компания өкілдері бұл жарыстарға тұрақты қатысып келеді. 2014 жылы біздің құрама бірінші орынды иеленді. Осы жолғы жеңісті біз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз”, – деді ол  ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Футбол бойынша Бейжің дипломатиялық турнирі 1990 жылдардың ортасынан бастап ойын көрсетіп келеді. Қазақстандықтар жыл сайын осы халықаралық жарысқа қатысады. Ұйымдастырушылар: ҚР СІМ және Қытай дене шынықтыру істері, спорт бас басқармасы.

Талқылау