Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының ең жас боксшысы Рио олимпиадасына жолдама ұтып алды

Қытайдың Цзяньан қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар Рио жолдамасын сарапқа салып жатыр.

Безымянный

Сурет kfb.kz

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық жас боксшы Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң иесі Цянксун Худы 3:0 есебімен жеңіп, жолдаманы қалтаға басты. Енді 20 жастағы  Абылайхан финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсух пен қырғызстандық Ермек Сәкенов жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал 56 келіде сынға түскен Қайрат Ералиев өкінішке орай жарыс жолынан шығып қалды. Ол үндістандық боксшы Шива Тапаға жол берді. Бүгін сондай-ақ, қазақстандық боксшылар қатарынан Жәнібек Әлімханұлы, Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко финалға берер жолдама үшін күреспек. Қыздар арасында Дариға Шәкімова (75 келі) кореялық Ун Жангпен бокстасады.

Талқылау