Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы шағын футболдан әуесқойлар арасында Европа чемпионы атанды (видео)

Қазақстан құрамасы шағын-футболдан әуесқойлар арасында Европа чемпионы деген атақты жеңіп алды.

Arany_0415-526x350

Фото: eurominifootball.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Финалда Хорватия құрамасымен кездескен қазақстандықтар қарсыластарынан пенальти тебу кезінде айласын асырды. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Қазақстан футболшылары ойын барысында екі мәрте алға шыққанымен, хорваттар есепті теңестіріп кетіп отырды. Нәтижесінде пенальти сериясына жүгінуге тура келді. Бұл ретте Қазақстандықтар 6:5 есебімен басым түсті.

Ал үшінші орын үшін болған матчта Чехия құрамасы Черногорияны 2:0 есебімен жеңді. Жалпы турнирге Европаның 32 құрамасы қатысқан болатын.

Талқылау