Қазақстан құрамасы джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында екі қола және күміс жүлдеге ие болды
Қазақстанның ұлттық құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды джиу-джитсу ассоциациясының баспасөз қызметі.

Сурет: Джиу-джитсу ассоциациясының баспасөз қызметі
56 келі салмақ дәрежесінде Грекия спортшысымен айқасқан Елдос Қабденов күміс жүлдеге ие болды. Мұнан кейін 62 келі салмақ дәрежесінде Әбу-Бәкір Жәнібек қола жүлдені иеленді. Ал Нұрлан Есполов 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлде алды.
Ұлттық құрама мүшелері Нұрсұлтан Дүйсенқұлов, Ардақ Райымбеков, Усман Цуцоевак халықаралық аренада айқасқа түсіп, чемпионатта 5 орынға жайғасты.
Оқи отырыңыз:
Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды
74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды
Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді
Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Қызымды көрмегеніме,сөйлеспегеніме 2 жыл болды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан