Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Қызымды көрмегеніме,сөйлеспегеніме 2 жыл болды

Жұма, 24 Қараша , 2017 14:21

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы оның кінәсіз екеніне әлі сенеді әрі отанына, туыстарының қасына аман-есен оралады деген үміті бар.

Фото: Ratel.kz

Қытайда өмір бойына түрмеге қамалған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы туған қызын екі жылдан бері көрмеген. Бұл туралы қызынан тірідей айырылып отырған ана Sputnik басылымының тілшісіне айтты.

Зухра Сейтімова  қызына тағылып отырған айыппен мүлде келіспейтінін айтады. Сондай-ақ қызының қылмыскер емес екеніне сенімді.

« Соңғы рет қызымды  2015 жылдың сәуірінде көрдім. Өткен жылы маған виза берді апелляциялық соттың үкімін күтіп, бара алмадым. Осыдан кейін маған виза уақытын тағы жарты жылғасоөып берді. Сонда міне екі жылға жақындап қалыпты қызыммен сөйлеспегеніме де. Оның жағдайы туралы елшіліктен, қорғаушыдан біліп отырамын. Жақнда елшілік өкілі барған екен, олардан қатты сағынғанын айтып жіберіпті, басқа ештеңе»,-дейді Ақжарқынның анасы.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әуежайда есірткі саудасы бойынша күдікке ілініп, ұсталған еді.2015 жылдың маусым айында Қытай соты оны өмір бойына түрмеге жабу туралы шешім қабылдаған еді. Кейінрек апелляциялық сот бұл үкімді жоққа шығарған еді.

«Мен жағдайым келгенше оған көмек жіберіп тұрамын. Қорғаушыдан 30-40 мың беріп жіберемін. Әрине оған барғым келеді. Қазір болса да баратын едім. Барғаныммен оны маған көрсетпейді. Менің төрт балам бар. Ақжарқын үйдің үлкені.

Басқа бауырлары оны сағынып отыр. Кенжем өткен жолы Ақжарқынды түсінде көріпті. Үйде бұл мәселе жайлы көп сөйлеспейміз. Басқа балаларымның жүрегін ауыртқым келмейді. Бірақ әрқайсымыз Ақжарқынды ойлап жүргенімізді бір-біріміздің көзімізден ұғамыз»,-дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы.

Соңғы сот үкімі осы жылдың аяғына дейін шығып қалады деген үміт бар. Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақжарқынның ісін Қазақстанда қарауға алу жолдарын қарастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

Димаш Құдайберген өміріндегі ең үлкен әрі маңызды арманын айтты

Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды

“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар