Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан даласының көктемгі сұлулығы желі қолданушыларын тамсандырды (видео)

Желіде Қазақстан даласының көктемгі сұлулығы түсірілген видео тарады. Желі қолданушылары қызғалдаққа толы даланың көрінісіне тамсанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан даласының көктемгі сұлулығы желі қолданушыларын тамсандырды (видео)

Көлікпен кетіп бара жатқан адамдар қызғалдаққа толы даланы видеоға түсіріп алған. Олар керемет көрініске тамсанумен болды. 

«Қызғалдақтар. Неткен әдемі», - дейді видео авторы.

Видеоны көрген желі қолданушылары да өз сезімдерімен бөлісті. 

 

«Жұмақ сияқты», «Неткен сұлулық», «Мұндай сұлулық басқа еш жерде жоқ шығар. Осындай даламен келе жатқанда бәрін ұмытасың», «Шексіз, шетсіз сұлулық», - деп жазды пікір қалдырушылар.

Талқылау