Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан чемпионатында хоккейші қыздар жаппай төбелес шығарды (видео)

Алматылық “Айсұлу” және “Томирис” хоккей командасының қыздары матч кезінде жаппай төбелесті.

898989

Бұл туралы shaiba.kz хабарлайды.

Видеоны спорт кешеніндегі жанкүйерлердің бірі түсіріп алған. Төбелеске барлық ойыншылар қатысыпты. Қыздар бір-бірін жұдырықпен де, таяқпен де ұрады. Алайда төрешілер шамамен бір минуттай уақыттың ішінде қыздарды ажыратып, жағдайды реттей алған. Спортшылардың ешқайсысы зардап шекпепті.

Ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен болатын. Матч 2:0 есебімен “Айсұлу” командасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан хоккей федерациясының хабарлауынша, алматылық “Айсұлу” жалпы чемпионат қорытындысы бойынша да бірінші орынға шыққан. Ал “Томирис” екінші, “Торпедо” үшінші орынды иеленді.

Оқи отырыңыз:

Қаңырап қалған үйдің ішінен 43 млн доллар табылды (видео)

Анасы 2 жасар қызының суретін Facebook-ке жүктеп, кейін оны порно-сайттан көріп қалған

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

50 Cent өзіне қол созған әйелді жұдырықпен қойып қалды (видео)

Талқылау