Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан білім сапасы бойынша Қырғызстаннан артта қалды

Білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемдегі 93 елдің ішінен 62-орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ranking.kz ұсынған зерттеуде білім беру саласындағы үздік елдер Ұлыбритания, АҚШ және Австралия деп аталды. Ең нашар көрсеткіш көрсететін  ел ретінде Ботсвана белгіленген.

Рейтингке енген ТМД елдерінің ішінде білім беру жүйесі сапасының көрсеткіштері Қазақстанға қарағанда жоғары ел Ресей болды (36-орын) және Қырғызстан (55-орын). Қазақстаннан төмен сатыда тұрған мемлекеттер қатарында Әзербайжан (69-орын) және Түркіменстан (86-орын) болды, –  деп атап өтілді басылымда.

Мамандар биыл елімізде 125 тәуелсіз оқу орны бар екенін айтады. Соның ішінде үштен бірі Алматы қаласында – 41, Нұр-Сұлтанда – 15, Шымкентте – 10 орналасқан.

Талқылау