Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматы банктен несиеге зат алудың харам еместігін түсіндіріп берді

Желі қолданушысы діндегі тыйымдарды түсіндіру кезінде адамдардың жағдайын тым қиындатып жіберетін мәселелерге тоқталды. Мұсылмандардың да жақсы өмір сүруге лайықты екенін айтқан ол банктен ақша алу кезінде харам мен адал затты саралап көруге шақырды,-деп жазды Stan.kz.

кредит1

«Анаңмен зина жасағандай дейді. Алла сақтасын. Беталбаты көки бермеңдерші. Өсімге ақша беру, алу күнә екенін түсіндік. Ал тауарды бөліп төлеп алу басқа нәрсе ғой. Банктен ақша алып, оны өсімімен ақшалай қайтарсаң күнә шыгар. Ал несиеге зат сатып алу меніңше Исламда рұқсат етілген саудаға жатады.

Мысалы мен 10млн тенге тұратын пәтер сатып алмақ болдым делік. Бірақ қолында 3млн тенге ғана ақшам бар. Не істеймін. Ай сайын біреуге ақша төлеп пәтер жалдап тұруым керек пе? Әрине жоқ. Банкке барамын да үй сатып алғым келетінін айтамын.

Олар мен көрсеткен үйді 7млн тенге беріп, және менің 3млн тенгемді қосып үйдің иесіне 10млн теңге ақша беріп банк үйді өзіне сатып алады. Ал сол үйді қайтадан маған 15млн тенгеге қайтадан сатады. Ортадан банк өзіне 8млн тенге пайда көреді. Және ақшасын бірнеше жылға бөліп қайтаруды ұсынады. Бұл нағыз сауда ғой.

Сауданың заңдылығы солай. Біреуден сатып аласың да, қайтадан үстіне ақша қосып сатасың. Егер ол тауарға сұраныс өте көп болса, неғұрлым қымбатқа сатып пайдаға кенелесің. Ақысын бірден толық алып аласыз ба, әлде бөліп төлеуге келісесіз бе бұл сатушының еркінде.

Көлікті де, тұрмыстық техниканы да солай сатып алып жүрміз. Әрине шамаң келсе ақшаңды жинап, өндірушіден тікелей өз бағасына сатып алуға болады. Бір сол бір теледидар үшін қытайға шапқыламайсыз ғой.

Банк өзіне сатып алады, үстіне акша қосып сізге қайтадан сатады. Нагыз сауда. Харам ештеме көріп тұрған жоқпын»,-дейді желі қолданушысы  Ерік Құрманғалитегі.

Оның пікірін қолдамайтындарға қарағанда келісетіндер қатары көп болды. Сіз қалай ойлайсыз?

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

Қытайда ғаламторға тәуелді балаларды қалай емдейді

Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)

Талқылау