Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі экономикасы ең нашар 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан Bloomberg агенттігінің зерттеуі бойынша әлемдегі экономикасы ең төмен елдің қатарына жатады. Алайда, былтырғы жылмен салыстырғанда бір қатар артқа жылжыған екен.

8f06c58a0d34a2c92fbc11f28b8a61d2-big

Сурет forbes.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Зерттеуге қаржы мен жұмыссыздық есепке алынған. Қазақстанда бұл көрсеткіш 16,7 пайызды құрайды екен.

Агенттік сарапшысының айтуынша, бәрінен бұрын Венесуэлланың жағдайы мәз емес болып отыр. Бұл ел осымен екінші жыл қатарынан көш бастап тұр. Былтырғы көрсеткіш 105,1 пайыз болса, биыл 159,7 пайызды құраған.

Екінші орында Аргентина 39,9 пайызбен, үшінші орында – ОАР 32 пайызбен, төртінші орында Греция – 27 пайызбен шыққан.

Ал, экономикасы жақсы дамыған ел – Тайланд (2,2 пайыз) болып шықты. Одан соң Сингапур (2,6 пайыз), Швейцария (3,2 пайыз), Жапония (4 пайыз) және Тайвань елдері (4,8 пайыз).

Талқылау