Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ журналисі: Мен де сүйкімді болғам, мен де күйеуіммен ажырасқам, бірақ ешкімге қол жайған жоқпын

Қазақ журналисі Ирина Советанқызы тағдырының қиын-қыстау кезеңін айтып, оны қалай жеңіп шыққанын жеткізді. Күйеуі тастап кеткен әйелдерге кеңесін айтты.

Қазақ журналисі: Мен де сүйкімді болғам, мен де күйеуіммен ажырасқам, бірақ ешкімге қол жайған жоқпын

"Көп балалы апай бар. Алты баласы бар. Эфирден берген сюжетімізден кейін қайырымды адамдар кездесіп, үлкен үй сыйлады. Екі жылдай болып қалды. Рамазан айы басталғанда, жағдайы төмен отбасылар туралы сұраған адамдарға көмекке мұқтаж адамдардың телефон нөмірін беремін. Ол кісі де біледі. Бірақ бұл жолы ол кісінің нөмірін бермедім. Өйткені басында баспанасы бар. Жұмысқа тұрған, жалақысы да бар. Кеше хабарласып Хоумда кредитім бар еді, көмектесетін адамдар болса дейді. Бір келіншек жиі хабарласады. "Әпке, екі баламмен жалғыз қалдым. Күйеуім тастап кетті. Кішкентайыма беретін тамақ та жоқ" деп джылайды. Бастапқыда көмектестім. Жұбаттым. Әдетіне айналып барады. Мені танитындар жақсы біледі. Кішкентай көмегімді міндетсіп тұрғам жоқ. Бұл қыз да, апай да алғашқы адам емес. Тек әпке-сіңлілеріме айтқым келеді. Күйеуіңіз тастап кетсе, балалармен жалғыз қалсаңыз, бұл тағдырдың таяқтауы емес! Сіз жалғыз қалған жоқсыз, құшағыңызда байлығыңыз бар. Алла әділ! Әр баланың несібесін береді", - дейді журналист.

Ирина Советанқызы өзінің де жастайынан ажрасқанын, баламен жалғыз қалса да, еш мойымағанын айтты. 

"Мен күйеуіммен ажырасқан кезде ұлым үш айлық бөпе еді. Аллаға шүкір, бір жалақыға күніміз қарап қалған кезім болған емес. Алла әр баланың несібесін әділ береді. Өз жолдарыңызды өзгеге алақан жайып, бөгемеңіздерші. Кез-келген қиындық – сіздің сан қабілетіңізді ашуға берілетін мүмкіндік. Суретте 21 жастамын. Балаларым жоқта мен қалай ғана бақытты болып жүрді екем? Жас кезімде сондай сүйкімді болғам иә?", - деп жазды.

Қазақ журналисі: Мен де сүйкімді болғам, мен де күйеуіммен ажырасқам, бірақ ешкімге қол жайған жоқпын

Желі қолданушылары оның сөзін қолдап жатыр. 

"Сондай сұлу, нәзік қыз болыпсыз. Қазір де сондайсыз", "Дұрыс айтасыз, он екі мүшең сау болса, ешкмнен көмек сұрап керек емес", "Мен де 8 баланың анасымын. Баспанамыз жоқ. Ирина ханым мен Асқар мырза көп көмектесті бізге. Алла Ораза айында тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын Ирина ханым", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау