Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті бағдарламада анасының аяғын сүйді (видео)

Қазақ жігіті күллі көрермен алдында анасына алғысын білдіріп, аяғын сүйді.

“Кел, келінім” бағдарламасында Данияр есімді жігіт көрермен алдында анасына алғысын білдірді.

“Түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп өсірген, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен – ол менің анам. Құранда бірінші анаңды, екінші анаңды, үшінші рет те анаңды сыйла, төртінші әкеңді сыйла деген. Жәннат анаңның табанының астында деген. Осы сәттіпайалан отырып анамның аяғын сүйгім кеп тұр”, – деді Данияр.

Ол анасының аяқ киімін шешіп,  ел алдында табанына сүйді.

Көрермендер қошемет білдіріп, қолдау көрсетті.

Желі қолданушылары Даниярдың әрекетін азаматтық деп атады. Мұны оғаш қылық деп, сынға алғандар да бар.

Даниярдың қылығы дұрыс па? Қалай ойлайсыздар?

Публикация от Kel Kelinim (@kelkelinim)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау