Қазақ тіліндегі ең әдемі сөз анықталды

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 15:35

Stan.kz сайты сауалнама жүргізіп, нәтижесінде қазақ тіліндегі ең әдемі сөз “Айналайын” екенін анықтады.

bD62O9Xf4shx3Xpnjh9PJHtFbHo19w
«Айналайын» үлкеннің кішіге деген ризашылығын, махаббатын білдіретін, басқа ешбір өзге тілде баламасы жоқ көркем сөз.

Ал қазақ тіліндегі ең әдемі сөздердің үштігіне ең қадірлі де қасиетті ұғымдар – «ана» мен «әке» енді.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандар «жаным» сөзінің қазақ тіліндегі алатын орны ерекше деген. Аталмыш сөз ең қымбатты деген жандарға айтылады. «Жаным» сөзі 4-ші орынды еншіледі.

Бесінші орында нәзік жандыларға қаратылып айтылатын – “аяулы” сөзі.  Айта кетейік, бірнеше жылдан бері Аяулым Қазақстандағы ең танымал есімдердің бірі болып келеді.

Құлаққа жағымды естілетін келесі сөз – құлыным. Құлын – жылқы төлі, ал қазақ халқы қашан да жылқы малын қадір тұтқан. Осыны ескерсек, «құлыным» сөзіне қатысушылардың неліктен таңдау жасағанын түсіну қиын емес.

Ең әдемі 10 сөз қатарын “рахмет”, “атамекен”, “сезім” және “арман” сөздері  толықтырды.

Ал қазақ тіліндегі ең жағымсыз естілетін сөз «құқық» екен. Алайда қатысушылардың көпшілігі ана тілде жағымсыз сөздің болуы мүмкін еместігін айтқан.

Жіберіп алмаңыз: 

АҚШ азаматтары қазақ тіліндегі ең ұзақ сөзді айтып жарысты (видео)

Ресейлік қыз қазақ тілінде еркін сөйлеп желі қолданушыларын таң қалдырды (видео)

Ұлыбритания елшісі Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

Ғалымдар: балағат сөздер гендегі мутация үдерісін туғызады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Ұзын Қыпшақ says:

    Ерекше əдемі сөздің бірі – КӨКЕ, КӨКЕМ. Əкемізді осылай атайтынбыз. Сұлтан Бейбарыс өзінің Елін “көке” сөзі арқылы есіне сақтаған деген аңыз бар. Мен үшін бұл – ең керемет сөз!

  • Анонимно says:

    Мен ең әдемі сөздердің қатарына “жеңеше” сөзін қосар едім. Басқа тілдерде, мысалы бай тіл – орыс тілінде мұндай сөз жоқ. Оларда бәрі тётя” – ағаның әйелі де тетя, көрші әйел де тетя.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар