Ғалымдар: балағат сөздер гендегі мутация үдерісін туғызады

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 18:46

Бүгін таңда  жастар арасында  балағаттау сөздерін көбірек қолдану жиі кездесіп жатады. Бұл қазіргі кезеңде тіпті өкінішке орай, қалыпты құбылысқа айналып барады. Жасөспірімдер осы  іс-әрекеттерінің зиянын білместен-ақ,  жағымсыз қылықтарын ары қалай жалғастыруда.

lukyanova230813

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Қоғамның белгілі бір бөлігінің түсінігінше, тіпті балағат лексика олар үшін  маңызды нәрсе болып табылды. Сарапшылар осындай боғауыз сөздерді қолданудың мынадай түрлерін анықтады:

• Сөздің эмоциялық жағын жетілдіру үшін (сөйлеушінің сөздік қорының жеткілікті деңгейде болмауынан, ойын неғұрлым айқын эмоционалдық сөздермен беруге ұмтылады);

•Психологиялық стрестен арылу үшін;

• Қорлау , кемсіту (бір сөзбен айтқанда, әңгімелесушіні “қарғау”);

•Агрессия көрсету (осы жағдайға қалай ашулы екенін өз деңгейінде көрсетуге тырысу);

•Қорқыныш болмағанын көрсету (өзіне және  өз қабілеттеріне сенімсіздіктің  болмауы салдарынан келеді);

•Тыйым салынған дүниелерге деген құрметсіздігін көрсету (тағы да сөздік қорының жеткіліксіз болуы).

Айтылмыш мәселенің туындауының бірнеше факторлары бар:

1.Үлкендердің үлгісі. Ең үздік тәсіл-өзің көрсеткен үлгі болып саналады. Егер аға буын өкілдері, әсіресе, әкесі жағымсыз сөздерді өсіп келе жатқан ұрпақтың алдында қолданып жүрсе, бала сөзсіз бұл зиянды әрекетті дұрыс деп қабылдап, қайталайтыны сөзсіз.

2.Қарым-қатынас ортасы. Көптеген жастардың айтуынша,  қарым-қатынас ортасы  белгілі бір жеке тұлғаның мінез-құлқына көп жағдайда ықпал етеді.  Олардың пікірінше, егер бұзылса, “жаман ортаға” тап болуынан деп түйсінеді.

3.Сөздік қордың жетіспеушілігі. Егер адам белгілі бір іс-әрекетті немесе адамды қандай тұрғыда сипаттауды білмегенде,  эмоционалдық жай-күйін білдіруге тырысқанда, боқтық сөздерге жүгінеді.

4.Медиа құралардардың әсері. Бүгінде күн санап әлі толық қалыптаспаған жастардың тұлғалық қасиеті мен болмысына лас пен жағымсыз әдеттер тонналап құйылуда. Күн сайын артып келе жатқан түрлі сериалдар мен кинофильмдер, ток-шоулардың шексіз саны  өсіп келе жатқан ұрпақтың моральдық сипатына кері әсерін тигізуде.

Ғалымдар адам дауысынан, соның ішінде дыбыстардың әсерінен, су молекулалары күрделі құрылымда орналасқандығын көрсетті. Жапондық ғалым Масару Эмото су тек ақпаратты ғана қабылдамайтынын, сонымен бірге сөздер мен тіпті ойдың әсерінен түрлі жағдайға өзгеретінін дәлелдеді. Ол соңғы жабдықтардың көмегімен микроскоп астында су кристалдарының құрылымын суретке түсіріп және  мұздатып алуға  мүмкіндік алды.

Алынған көрініс ғалымдарды қайран қалдырды: айтылған жағымды, мәнді сөздердің себебімен  кристалл құрылымдары әдемі және таңғажайып үйлесімді түрге енген, ал жағымсыз, боқтық сөздердің әсерінен  су кристалдарының құрылымы қорқынышты, ұсқынсыз бейнеге айналған.

Ресей Ғылым академиясының ғалымдары адам ауызша түрде жеткізілген сөздерінің нәтижесінде адам өзінің тұқым қуалайтын аппаратын жасайды немесе  бұзады деген таңғаларлық қорытындыға келді. Анығында ДНҚ адамның сөзін қабылдап, электромагниттік арналарда мәтінді оқи алады екен. Кейбір хабарламалар гендерді  емдейді, кейбіреулері  радиация  сияқты жаралап, зақым келтіреді. Мысалы, құлшылық ету кезіндегі дұға, жақсы сөздер генетикалық аппараттың резервтік мүмкіндіктерін оятады, ал керісінше, қарғыс мәніндегі жаман сөздер, былапыт сөздер мутация үдерісін туғызатынын айқындады.

Ғалымдар тобы балағат сөздермен сөйлеушілер жаман сөздерді айтпайтындарға қарағанда, әлдеқайда аз өмір сүретінін тілге тиек етеді, өйткені, олардың жасушаларында көптеген өзгерістер болып, түрлі ауруларға жол ашылады. Боқтық сөздерді қолданушылар гендердегі мутация үдерісін туғызады, яғни, хромосомалар  үзіліп,  ДНҚ спиралдары  бұзылады. Жағымсыз сөздер өзіне ғана зиян тигізіп қана қоймай, басқаларға да зардабын тигізеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар әлеуметтік желілердің адамға қандай зияны барын анықтады

Ғалымдар адамдардың неліктен ұйықтап жатып сөйлейтінін анықтады

Ғалымдар кей адамдардың көлікте не үшін өзін нашар сезінетінін анықтады

Ғалымдар: Әйелдер 5 жылдан артық сүйе алмайды

Ғалымдар адамның өлгеннен кейін де тірі болатынын анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар