Ғалымдар әлеуметтік желілердің адамға қандай зияны барын анықтады
Тасмани университетінің мамандары әлеуметтік желілердің басты қаупін айтып берді. Мамандар Facebook желісінде зерттеу жүргізіп, бірнеше желіде аккаунты бар адамдардың мінездемелері әр түрлі екенін және оның өміріне сәйкес келмейтінін анықтады.

Ғалымдардың пікірінше, өзін өзгеше етіп сипаттайтындар әдетте күйзелісті бастан кешеді. Мұндай адамдар өзгелерден оқшау, жалғыз жүргенді ұнатады.
Мұндай қорытынды жасау үшін мамандар 250 қолданушының парақшасын пайдаланған. Желі қолданушыларының әлеуметтік желіге қаншалықты жақындығы мен психологиясы, күйзелісі есепке алынып отырған.
Мамандар қоғамда адамдарды өмірде қандай болса, желіде де өзін солай ұстауға шақыру керек деп есептейді. Олар осылайша күйзелістен біршама арылуға болатынын айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар адамдардың неліктен ұйықтап жатып сөйлейтінін анықтады
Ғалымдар кей адамдардың көлікте не үшін өзін нашар сезінетінін анықтады
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар