Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ стоматолог тісжегіні пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты

Қазақстандық жас стоматолог пломба қолданбай-ақ, тісжегіні емдеп, тіс эмалін қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты.

555555555

Жоба авторы Бауыржан Айтуовтың айтуынша, қазіргі қолданылып жүрген әдіс тісжегіні тоқтатады, бірақ ем жасамайды.

“Дәстүрлі әдіс бойынша тісті бұрғылап немесе акрилді материалмен желімдеп тастайды. Олай ететін себебі тісжегіні зақымдаған эмаль мен дентин қалпына келмейді”, – дейді “Болашақ” бағдарламасының түлегі Бауыржан.

Ол жасап шығарған технология бойынша, стоматологтар емделушілерге тіс эмалін табиғи жолмен қалпына келтіріп бере алатын процедура ұсына алады.

Ақпараттар бойынша, өнім Ұлыбаританияда әзірленеді. Ал жобаны сынақтан өткізіп көрген қазақстандық клиникалар тың бастамаға оң бағаларын беріпті. Айта кетейік, жаңа инновация Швейцария елінде патенттелген.

Оқи отырыңыз:

Нашар тіс дәрігерінің 6 белгісі

Педиатрларды қайтару мәселесін премьер-министр өз бақылауына алды

Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)

Бауыр доноры болған соң босанған жалғыз қазақстандық әйел дәрігерлерді таң қалдырды

Талқылау