Нашар тіс дәрігерінің 6 белгісі

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 13:05

Халықаралық деңгейдегі тіс дәрігері Олег Конников кәсіпқой маманды қызметіне үстірт қарайтын адамнан қалай ажырату керегін айтты.

44830397795

Кәсіпқой тіс дәрігерін іздегенде барлығымыздың әрекетіміз бір: достарымыз бен таныстарымыздың кеңесіне жүгінеміз, ғаламтор беттеріндегі пікірлерді қарастырамыз, дәрігердің білімін тексеруге тырысамыз. Бірақ бұлардың барлығы жақсы, кәсіпқой маманның қолына түсетініңізге кепіл бола алмайды. Назарымыздан қалыс қалған не нәрсе?

1. Егер дәрігер ең күрделі заттар туралы түсінікті тілмен жеткізе алса, сіз оны жақсы түсінсеңіз, алдыңызда отырған маманның кәсіпқой болу мүмкіндігі жоғары. Тек біліксіз тіс дәрігері ғана білімсіздігін бос сөздер, түсініксіз атаулар астарында жасырғысы келеді.

2. Кәсіпқой маман мен ісіне немқұрайлы қарайтын адамның тағы бір белгісі – сырт бейнесі мен қолдары. Егер дәрігеріңіз сырт келбетіне мән бермейтін болса, тез арада басқа дәрігер тапқаныңыз дұрыс. Дәрігердің қолы – негізгі жұмыс құралы. Ол арқылы көп нәрсені аңғаруға болады.

3. Дәрігердің жұмыс құралдарына әр уақыт назар аударыңыз. Үлкейткіш шыны немесе микроскоп сынды заманауи құрылғылардың болуы – өз қызметін құрметтейтін дәрігердің нышаны. Нашар тіс дәрігері мұндай құрылғылармен мақтана алмайды.

4. Көбіміздің жақсы дәрігер қосымша жарнаманы қажет етпейді деп ойлайтынымыз рас. Адамдардың жағымды пікірі барда текке ақша жұмсаудың не қажеті бар? Десе де дәрігердің жеке сайты болмаса, әлеуметтік желілердегі жұмысы, нәтижелері көрсетілген жеке парақшасы – жақсы дәрігердің көрсеткіші емес.

5. Дәрігер жұмысы көрсетілген суреттер үнемі жаңарып отыруы қажет және сапасының жақсы болуы маңызды. Егер түсірілгеннен бері быр жыл өтіп кеткен суреттерге куә болсаңыз, дәрігердің одан басқа мақтанатын дүниесі жоқ.

6. Сізді алаңдатуы тиіс маңызды мәселе – бір дәрігердің бірнеше мамандықты қатар алып жүруі. Жақсы клиникаларда емдеу және ем жоспарын құрғанда, түрлі мамандық дәрігерлері белгілі бір жүйелілік бойынша қатысады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар