Қазақ сарбаздарын Ливанға жіберудің артында кім тұр?

Қазақ офицерлері қарулы қақтығыс болып жатқан Ливанға аттанады. Қорғаныс министрлігі Қазбаттың 120 сарбазын Таяу Шығысқа жіберуге дайындап жатыр.  Бітімгершілік батальонының жігіттері шетелде бейбітшілік орнатуға кеткелі жатқанда, еліміздегі сарбаздар мен курсанттар ашқұрсақ жүр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақ сарбаздарын Ливанға жіберудің артында кім тұр?

Сурет: Тengrinews.kz

Қорғаныс министрінің айтуынша, мемлекеттік сатып алуға көшкелі  әскерилер тоя  тамақтануды ұмытқан. Отанын қорғайтын ұлдан ақша үнемдеп жүргендер кімдер?

Бітімгершілік туралы заң күшіне енгелі, біздің  Қорғаныс министрлігі соғыс болып жатқан мемлекеттерге сарбаз жіберуге мықтап кіріскен. Осы бағатта БҰҰ-мен байланысты да күшейтіпті. Өйткені, БҰҰ бітімгерлерінің қатарына қосылу кез-келген мемлекет  үшін үлкен абырой екен. Сонымен,   биыл күзде  Қорғаныс министрлігі 120 сарбазды  Ливанға аттандырғалы жатыр. Бұл елдегі қақтығыс  Сириядағы азаматтық соғысқа байланысты. Онда Асадты қолдаушылар мен қарсы тарап өзара қырқысуда.

“Жақында Қазбаттың 30 сарбазы Үндістанға барып, жаттығып келді. Олар бітімгершілік миссиясын орындайды.  Ал 15 офицер әскери борышын өзге елдерде қанды қырғынның ортасында өтеп қайтқан”, – дейді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Сарбаздар әскери қақтығысқа тікелей қатыспайды. Бақылаушы ретінде мемлекеттер арасындағы келісімдердің жүзеге асуына араласады. Және жағдайды БҰҰ-на баяндап отырмақ.  Қазбат жасағы бұған дейін Тәжікстанда, Иракта әскери міндетін өтеді. БҰҰ-нан ұсыныс түссе, Қорғаныс министрлігі Сирияға да сарбаз жіберуге дайын. Ал Бітімгершілік батальоны әлемде бейбітшілік орнатамын деп жүргенде, еліміздегі сарбаздар мен курсанттар аш отыр дейді депутаттар.

“Әскери тағамның  құны 1.225 теңге. Бұл қызметкерлер үш мезгіл тамақтануға  бөлінген  қаражат. Бірақ, жеке кәсіпкерлер тендерді ұтып алу үшін бағаны төмендетеді. Сонда шамамен 600-700 теңгенің төңірегінде шығып отыр. Бұл сомаға әскери азаматтарды сапалы тамақтандыруға болады дегенге күмәнім бар”, – дейді Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан.

Курсант, сарбаздардың тоя тамақ жемегеніне көп болғанын   Қорғаныс министрі де мойындап отыр. Осы мәселеге қатысты Сәкен Жасұзақов жақында Үкіметкен хат жазыпты. Министр  әскери оқу орындарындағы асхананы тендерден босатуды сұрап отыр.

“Конкурсқа қатысатын компаниялар тендерді ұтып алу үшін өз қызметтерінің құнын 650 теңгеге дейін төмендетеді. Біз оған тосқауыл бола алмаймыз. Кім төмен баға ұсынса, сол ұтады.Күні бойы далада жүгіретін курсантты 3 мезгіл 700-800 теңгеге қалай тамақтандыруға болатынын түсінбеймін”, – дейді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Жасұзақов министрліктен берілетін баспананы асыға күтіп жүрген әскерилерді сабыр сақтауға шақырды. Айтуынша, офицерлердің  үйіне  ақша жетеді, тек құжаттарды рәсімдеуге  уақыт керек екен.

“Барлығы 41 мың әскерден 80 пайызы қазір банкпен келісім жасады. Басқалары қазір жасап жатыр. Қаржы бар, басқасы бар. Кейбіреуі түсінбей жатыр. Кейбірі құжаттары жетпей жатыр”, – дейді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі әскери саладағы  қыз-келіншектерді асыра мақтады. Әскери бөлімшелердегі  басшылық қызметке  қыздар тағайындалғалы,  іштегі тәртіп жақсарған. Сарбаздар таза жүріп-тұратын болыпты,  ал, офицерлер  сыпайы сөйлей  бастапты.

Сондықтан, министр қарамағындағыларға  рота, батальон, бригада командирінің тәрбие ісі бойныша орынбасары етіп әйелдерді қойыңдар деген бұйрық беріпті. Яғни, Жасұзақов 7-8 жылдық еңбек  тәжірибесі  бар қыз-келіншектердің  басқаруға икемі барын шетінен лауазымды қызметке  тартпақ. Сөйтіп, қыздардың көмегімен бөлімшелердің мәдениетін көтермек.

Оқи отырыңыз:

Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды

Ақмола облысында ауыл тұрғыны полиhttp://stan.kz/oralda-lombardka-karakshylyk-shabuyl-zh/ция қызметкерін пышақпен жарақаттады

Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар