Қазақ қызы жүрегінің оң жақта орналасқанын 17 жасында бір-ақ білген

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 16:39

Жүрегі кеуденің оң жағында орналасқан адамдар да кездеседі екен. Мысалы, Ордабасы ауданындағы Көкарал ауылында тұратын Гүлсезім Әбілдә – осындай ерекше жаратылған жан. Таяуда біз онымен әңгімелескен едік.

gulsezim

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

«Мен 1995-ші жылдың желтоқсан айында дүниеге келгенмін, – дейді Гүлсезім. – Отбасымызда менен бөлек үш қыз, екі ұл бар. Үйде менің ғана жүрегім оң жақта орналасқан. Оны мен 17 жасқа толғанша білмей келдім. Мектепті бітіріп, оқуға құжаттар тапсыратын кезде маған медициналық анықтама керек болды. Шымкенттегі қалалық емханаға барып рентгенге түскенімде дәрігер таңқала:  «Сенің жүрегің оң жағыңда екен ғой. Оны өзің білетін бе едің?», – деп сұрады.

Мұны естігенде мен қатты таңқалдым әрі қорқып кеттім. Көңілімді бірден уайым басты. Осыны байқаған  дәрігерлер мені тыныштандыруға тырысты. Бұл жағдай тек мыңнан біреуде болатын құбылыс, ешқандай зияны жоқ деп түсіндірді. Сонда уайымым басылып, керісінше, өзімді бір ерекше адам ретінде сезініп қалғаным бар.

Жүрегімнің оң жақта екенін кішкентай кезімде жергілікті дәрігерлер де аңғармаған сияқты. Өйткені бірде кеудемнің сол жақ тұсы шаншып ауырған соң емханаға барғанбыз. Олар жүрегінің соғуы әлсіз, естілмейді деп аудандық ауруханаға жолдама жазып берген болатын. Сол кездері кеудемнің шаншып ауырғаны басылды да, емханаға сол күйі бармаған едік».

Гүлсезім жүрегінің оң жақта екенін  білгенде бірден анасына хабарлаған екен, анасы: «Ондай жағдайлар болатынын естігенбіз, сен қайта ерекше адамсың», – депті. Ал туыстары болса, мұны қызық көріп, көрген жерде сұрай береді екен. Әсіресе бұл Гүлсезімнің құрбылары үшін тіпті де қызық көрінген.

«Бір күні жақын дос құрбыма жүрегімнің оң жақта екенін айтқанымда ол: «Онда сен Әнұран шырқалып жатқанда қолыңды оң жақ тұсыңа қоюың керек. Неге сол жағыңа ұстап тұрасың? Ол жақта емес қой жүрегің», – деп әзілдегені бар. Шынымды айтсам, ондай сөздерді көңіліме алып қаламын. Көп достарым, туыстарым да таңқалып, қалай соғады екен деп жүрегімнің соғысын тыңдап көріп  жатады», – дейді ол.

Жалпы, Гүлсезім өзін жайсыз сезінбейді екен. Тек кеудесінің сол жақ тұсы анда-санда шаншып тұратын көрінеді. Ең соңғы рет тексерілгенінде мамандар оң жақта орналасқаны болмаса, бәрі дұрыс, жүрегіңде ақау жоқ деп айтыпты.
Ал медицинада бұл құбылысты «декстрокардия» деп атайды екен. Латын тілінен аударғанда «декстр» – «оң», «карди» – «жүрек» дегенді білдіреді. Бұдан денсаулыққа төнетін қауіп жоқ. Ондай ерекшелігі бар адамдарды мамандар негізінен электрокардиограммаға түскенінде, ультрадыбыстық тексеру кезінде анықтап жататын көрінеді.

…Осындай ерекше қыз  Гүлсезім бүгінде Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетінде оқып жүр. Ол қолы босай қалса, қолына қалам алып, өлең шығаруға әуес. Бала кезден бергі арманы журналист болу екен. Біз Гүлсезімнің алға қойған арман-мақсаттарына жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Жіберіп алмаңыз:

Киноға түсіп жатқан екі актер суға батып көз жұмды

Алматыда қоластында 16 жезөкше жұмыс істейтін жеңгетайлық топ ұсталды

Әжесі эскалаторда немересін құлатып өлтіріп алды (видео)

19 жастағы қыз анасының емі үшін интимді қатынас ұсынып өзін аукционға қойды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 9 сағат кері

Қызық,мен болсам 37 жасымда білдім жүрегімнің оң жағымда олрналасқанын,менде де тура осындай жағдай,сол жағым шаншып бардым, қазірде ара тура сол жағым шаншиды,бірақ жүрегім оң жағымда ,менде тура Гүлсезім сияқты болдым,ән ұранды тыңдаганда қолынды оң жаққа қоясыңба дейтін білетін достарым

Анонимно
23 күні 21 сағат кері

Ештеңесі де ауырмайды.Қорқытпаңдар. Менің әжемнің де жүрегі оң жағында болды. Ол 86 жыл өмір сүрді.

Анонимно
24 күні 18 сағат кері

Тексерилип емделип туру керек немесе кейин ауыратын болады

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар