Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қыздары Байзақованы айыптаған бір топ жігітке флешмобпен жауап берді (видео)

Бір топ қазақ қыздары Байзақоваға қарсы шығып, арнайы видеоролик түсірген жігіттерге жауап берді. Олар “Мен қазақ қызымын” атты флешмоб бастап, шынайы қазақ қыздарының бет-бейнесін ашты, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Қазақстан қыздары Байзақовамен болған оқиғадан кейін “қыз тәрбиесі” жөнінде ойлануға кеңес берген жігіттерге жауап берді. Бойжеткендер шынайы өмірде қандай екендерін өз ауыздарымен айтып берді. Расында қазақ қыздары көлік тұрағындағы жігіттер ойлағандай емес. Бұл қазақстандық қыздардың әртүрлі образдары жайындағы ролик. Флешмобқа қатысам деушілер видео түсіріп, хэштегті белгілесе болады”, – дейді ролик авторы Дана Круглова.

Флешмобқа қатысқан қыздардың бірі ішімдік ішетінін, ал екіншісі лесбиянка екенін ашық айтқан. Тағы бірі – “тұрмыс құруға міндетті емеспін” деп жар салса, ендігісі балағат сөздерін жиі қолданатынын атап өткен.

Жіберіп алмаңыз:

Көлігімді қалаған жеріме қоямын: полиция желіні шулатқан жүргізушіні жазалайды

Қырғыз актері ақтөбелік таксистердің өзін қалай қорқытқанын айтып берді

Ақбөкенді қарусыз аулап, онымен суретке түскендер желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Оралда жалғызбасты әке бес қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр (фото, видео)

 

Талқылау