Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ кәсіпкерлерінің Қырғызстанда қандай бизнестері бар

Қырғызстанда өткен президенттік сайлауда белсенді үгіт-насихат жүргізген Алмасбек Атамбаев ел оппозициясы Омурбек Бабановты қазақ кәсіпкерлері қолдап отыр деді.

Атамбаевтың қазақ кәсіпкерлері мен билігіне қарата айтылған сыннан кейін екі ел арасындағы шекара шектеліп, бірінші кезекте қырғыздардың Қазақстанға экспорттаушы салалары зардап шеккен еді, деп жазады naryk.kz.

Осы орайда, Forbes Қазақстан тізіміндегі сегіз кәсіпкердің Қырғыз елінде бизнесі бар екенін анықтады.

Ел бойынша бйалығы жағынан 48-орындағы, ықпалдығы жағынан 30-орындағы Арманжан Байтасов «НБТ» (Независимое Бишкекское телевидение) арнасына иелік ететін көрінеді. Аталған арна 2005 жылы ғана ашылғанына қарамастан Қырғыз елінде ең танымал арнаға айналған.

Ал байлығы жағынан 45-ші орында, ықпалдығы жағынан 23-ші орындағы Қайрат Мәжібаев қырғыз еліндегі «RG Brands» компаниясының 60 пайыз акциясына иелік етеді. Компания Pepsi, Mirinda, 7Up, DaDa, «Нектар Солнечный», ASU сусындарын шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір екі ел Үкіметі өзара жұмыс тобын құрып, шекара мәселесін шешті.

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының негізгі иесі Анатолий Балушкин былтырдан бастап Қырғыз еліне Нива көліктерін экспорттай бастады.

Сонымен қатар, Технодом дүкендер желісінің Қырғызстанда 2 нысаны бар екен.

«Visor Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов серіктестерімен United Cement Group компаниясын бақылайды. Аталған компания жылына 7,6 млн тонна цемент шығаратын ірі кәсіпорын.

Ал Форбесте бесінші орында тұрған Алиджан Ибрагимов Қырғызстанда алтын өндірісімен айналысады. Кәсіпкер Джеруй жобасындағы алтын рудасының 40 пайызына ие.

Өз кезегінде Атамбаев ерекше атап айыптаған Болат Өтемұратов Қырғызстанның Sky Mobile компаниясының 49,9 пайызына ие.

Ал Форбестағы бірінші орындағы Владимир Ким Бозымчак атты мыс-алтын кен орнында және операциялық қызметте кәсіп жасап отырған көрінеді.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау