Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ архитекторы төбесінде шаңғы тебуге болатын тұрғын үй концептін ұсынды (фото)

Қазақ сәулетшісі Шоқан Матайбеков шаңғы тебуді ұнататындар үшін жаңа жоба ойлап тапты.

01

Бұл туралы Bigpicture.ru хабарлады.

Қыстың қызығының бірі  – шаңғы тебу емес пе?  Алайда қазіргі кезде ол да көп уақытты алары сөзсіз. Шаңғы тебуге бару үшін арнайы бір күн болмаса одан да көп уақыт бөліп, қала сыртына шығуымыз керек. Қазақ сәулетшісі Шоқан Матайбеков шаңғы тебуді ұнататындар үшін жаңа жоба ойлап тапты.

021 .Шоқан Матайбеков ойлап тапқан төбесінде тау шаңғысын тебуге болатын тұрғын үй концепті.

Қазақ сәулетшісі Шоқан Матайбеков теңдесі жоқ тұрғын үй  – «Слалом-үй» ойлап тапты. 21 қабатты U әрпіне ұқсас ғаламат жоба Астана қаласының көрікті жерлерінің біріне айналмақ.

032. Slalom House – төбесінде тау шаңғысын тебуге болатын таңғажайып тұрғын үй.

04

3. Сырғанауға арналған шатырдың ұзындығы 326 метр.

Қыста ғана баруға болатын тау шаңғысына қарағанда бұл шаңғысының артықшылығы бар. Ол  – қысы-жазы істейтіндігінде. Жазда Slalom House Snowflex деп аталатын жоғары температураға шыдамды жасанды қармен көмкеріледі. Шаңғышылардың қауіпсіздігі үшін сырғанақтың ернеулері биік қорғандармен қоршалады. Сырғанақтың ұзындығы  326 метр, ал ені – 27 метр. Тағы бр ерекшелігі шаңғышылар сырғанақ басына шыныдан жасалған арнайы лифт арқылы көтеріледі.

05

4. Ғимараттың бірінші қабатында сауда орындары болмақ, ал одан жоғары 2 бөлмелі тұрғын апартаменттері (барлығы 421 пәтер) болады.

06

5. Қазақ архитекторы Шоқан Матайбеков өз жобасының қасында.

Шоқан Матайбековтің пікірінше, шаңғы тебетін жотаны қолдан жасағаннан көрі осындай пайдалы ғимарат салған әлдеқайда тиімдірек. Бұл жоба қазірше ресим түрде бекітілген жоқ, алайда оның бағасы шамамен 70 миллион доллар болмақ.  6.

07

6. Астана қаласына орналасатын сырғанақ жол. Концепт.

08

7. Егер жоба жүзеге асатын болса, онда «Слалом-үй» ең жақын деген маңдағы тау шаңғысына немесе сноубордқа бару үшін кем дегенде төрт сағат уақытын жоғалтатын тұрғындар мен қонақтар үшін тиімді болмақ.

Талқылау