Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қайтыс болған жігіт өз өліміне полиция қызметкерлерін кінәлаған

Қарағандыда қайтыс болған 26 жастағы жігіт өз өліміне тергеу бөлімінің басшысы мен тағы 4 полиция қызметкерін кінәлап, соңғы хатқа жазып кеткен. Тәртіп сақшылары өзіне қол жұмсауға итермеледі деп қылмыстық іс қозғады. Дегенмен ұлдарынан айырылып қалған ата-ананың бұған сенгісі жоқ.

пенпеее

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Меруерт Жұмкешованың жалғыз ұлынан айырылғанына бүгін бесінші күн. Тепсе темір үзетін жігіттің өлі денесін тәртіп сақшылары шілденің 24 күні Қарағандының шетінде тапқан. Қайғыдан қан жұтқан анасы жүрегіне оқ атылған ұлы кісі қолынан қаза тапқанына сенімді. Өйткені, марқұм үйден шықпас бұрын ақырғы хатын қалдырыпты.

Қара жамылған отбасы 26 жастағы Ардақтың өз-өзіне қол жұмсады деген болжаммен келіспейтіндерін айтады. Өйткені азаматтың  денесінде көгерген жерлері мен ұрып-соғудың белгілері көп дейді. Ал тәртіп сақшылары 26 жастағы Ардақ Жұмкешовті өзін өлтіруге итермеледі деген бап бойынша тексерістің басталғанын айтады. Бұдан өзге полиция қызметкерлері марқұмға қатысты қылмыстық істің де қозғалғанын жеткізді. «Өйткені қайғылы оқиға болған түні 26 жастағы Ардақ көлікті мас күйінде жүргізіп, полицейге қол көтерген» дейді.

“Бұзақылық” фактісі бойынша жәбірленушіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, одан келесі күні полиция бөліміне келу туралы қолхат алып, оны үйіне жіберген. 24 шілде күні таңертең жәбірленушінің мәйіті табылды”, – дейді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.

Сондай-ақ, ішкі істер департаментіндегілер тергеу бөлімінің басшысы мен 4 жедел уәкілін кінәлаған марқұмның соңғы хаты да назардан тыс қалмайды дейді. Қазір өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс те жүргізіледі екен.


Жіберіп алмаңыз:

Құрбан айт мерекесіне орай 1 қыркүйек демалыс күні болып жариялануы мүмкін

Мысырдағы қазақ студенттерінің ісін министр қолға алды

Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр

Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты

Талқылау