Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған әйгілі модельердің бар мұрасын мысығы иеленбек

Модельер Карл Лагерфельдтің мысығы оның мұрагері атануы мүмкін. Бұл туралы дизайнер бірнеше рет сұхбат бергенінде айтқан еді.

Қайтыс болған әйгілі модельердің бар мұрасын мысығы иеленбек

Шупетт есімді үй мысығы Лагерфельдтің қолында 2011 жылдан бері өсіп келген. Мысығына жақын болғаны соншалық, ол ерте өліп қалып жатқан жағдайда мысығын анасының қасына жерлемек болды.

Шупетттің банкте өз есепшоты бар. Желіде әйгілі парақшасы да бар. Мысық жарнамадан миллион евро табады.

Францияда жануарлар мұрагерлікке қалмайды. Бұл Германияда, іске асуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда модельердің өмір сүрген елі Францияның заңына сүйену керек болады.

Өзге де альтернативті нұсқалар бар: мұраны ассоцияцияға немесе қорға, мысықтың күтіміне қарайтын сенімді адамға қалдыруға болады.

Дизайнер бұл туралы 2015 жылдан бері айтып жүрді.

“Егер мен өмірден өтсем, Шупеттпен бірге өмір сүретін адам ешнәрседен тарықпайды”, – деген еді.

Лагерфельд 19 ақпанда 85 жасында қайтыс болды. Ол өттің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан еді.

Дизайнер Fendi, Chloe, Krizia сән үйлерінде жұмыс істеді. Өз атымен аталатын компанияның 1974 жылы негізін қалады. 1983 жылы Chanel үйінің көркем директоры болды. KL және KL by Karl Lagerfeld сызғыштарын жасады.


Тағы оқыңыз: Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

Талқылау