Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған атасына хат жолдаған бүлдіршін жауап алды

Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында таңғажайып оқиға орын алды. Бес жасар Фил атасы қайтыс болған соң қатты қайғырған екен. Осыған орай, ата-анасы оған атасына хат жазуды ұсынған. Артынша хатты шарға байлап, көкке ұшырған.

image175857123

Бұл  туралы  Life басылымы хабарлайды.

Бүлдіршіннің әкесі ұлына кез келген уақытта дәл осылай хат жазуына болатындығын айтқан. Бір қызығы, Фил күндердің бір күнінде хатына жауап алады. Бұған баланың әке-шешесі де қайран қалады. Пакеттің ішінде хат пен жұмсақ ойыншық болады.

“Қымбатты, Фил! Сен жолдаған хаттың биікке көтерілгені соншалық, ол маған дейін жетті. Сенде барлығының жақсы екеніне қуаныштымын. Көңілің түскен кезде қасыңда болсын деген ниетпен мына ойыншықты жіберіп отырмын. Махаббатпен сенің атаң”, – деп жазылған хатта.

4b41615718bc686108a284d76d502e08__980x

Хатты оқыған Фил жылап алады. Ал ата-анасы оқиғаның дәл осылай өрбігеніне қайран қалады. Себебі, бұл хат пен сыйлыққа олардың еш қатысы жоқ екен. Олар мұндай қамқорлық танытқан бейтаныс адамға алғыс айтқылары келген. Алайда жолдаушы өзінің мекен-жайын жазбаған. Осыған орай, Филдың анасы Facebook парақшасында бұл оқиға туралы баяндап, “Кім болсаңыз да сізге көп рахмет” деп жазады.


Жіберіп алмаңыз:

Америкалық көңілдес бастығы ресейлік хатшысына мұрагерлікке $1 млн қалдырған (видео)

Қытайда әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды

Еркеш Шәкеевтің қайтыс болған ұлы туралы фильмі көрермендердің көзіне жас алғызды (фото)

Қайтыс болған палуан Олимпиада медалінен айырылатын болды

Талқылау