Еркеш Шәкеевтің қайтыс болған ұлы туралы фильмі көрермендердің көзіне жас алғызды (фото)

Жексенбі, 4 Қыркүйек , 2016 13:30

Тірі болғанда 2 қыркүйек күні Сафар Шакеев 25 жасқа толар еді. Қайтыс болған ұлының туған күніне орай әкесі Алматыдағы еске алу концертінде фильм презентацясын көрсеткен еді.

^CFE473236FDDDF965C4670EB15E9A95F6C8800AA6253561E9D^pimgpsh_fullsize_distr

“Сіздің фильміңізді көрген сәттен бастап-ақ көзіме жас келді. Рахмет сізге, Еркеш. Енді мен қызымды одан әрі жақсы көріп, барлық арманын орындауға тырысам. Сафар біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Иманды болсын”, – деп жазады Айжан Киманова.

^D456BEE8BDBE6703B2A6EFD8D6BC82346194FF9490E808A17F^pimgpsh_fullsize_distr

Фильм 12 күн ішінде түсірілген. Сафар жөнінде естеліктерімен туыстары мен достары, жетекшілері айтып береді.

“Еркеш Шәкеевтің фильмін бәріне міндетті түрде көру керек. Дәл мұндай көңіл-күйді толық көрсете алған туындыны бұрын соңды көрген емеспін. Рахмет, Еркеш бауырым”, – деп жазады продюсер Дана Орманбаева.

Еркеш Шәкеевтің айтуынша, оның үлкен ұлы ешқашан ауыртпалық салмай жақсы оқып, спортпен айналысып, жұмыс істеген екен.

сафар

4 жасынан бастап Брюс Лидің киносын көрген Сафар жаттыға бастапты. Әуелі каратэ, сосын суда жүзіу, 15 жасынан бастап бокспен айнлысыпты. Жетекшілерінің бәрі оның күресу қабілеті жақсы екенін сөз етеді.

“Соңғы жылдары ол маған нұсқау көрсетіп, қатем болса түзеп жүрді”, – дейді әкесі. Ол ұлын періште деп атайды.

“Ол мен үшін жер бетіндегі адам емес, жүректерді жылыта алатын періште. Ол өмірден кеткенде де көп адамның жандүниесін елжіретіп жіберді. Мен осындай таңғажайып адамның мүмкіндіктеріне 25 куә болғаным үшін құдайға шүкіршілік етем”, – дейді Шәкеев.

^93836C8B0F986F888A369F7F868F5C031FB7FAD4B9547EE8F2^pimgpsh_fullsize_distr

“Рахмет саған, ұлым. Сен маған жер бетінде әділ жандар барын танытқаның үшін, адамдарды жақсы көруге, кешіре білуге үйреткенің үшін, адамның қадірін білуді үйреткенің үшін алғыс айтам. Сен жер бетіндегі әділдіктің, еңбекқорлықтың, жігерліліктің белгісіндейсің. Сен әділдік үшін қалай күресу керегін көрсеттің”, – дейді Еркеш Шәкеев.

^06020E87450F154D9A4BE79816B0DB199A45D489C6EB207F74^pimgpsh_fullsize_distr

Ол өз отбасына қолдау білдіре отырып, көпшілікке алғысын білдірді.

“Әр адам біздің қайғымыздың бір тамшысындай бөлігін өзіне алды. Жандүнием тек алғысқа толы. Мешіттердің бірінде Құранды бастан-аяқ тәпсірлеп, шіркеуде ол үшін дұға тілегендер де болды”, – дейді әкесі.

Сафар 2016 жылдың 16 шілдесінде қайғылы оқиға салдарынан көз жұмды. Ол өзеннің қауіптілігін ескерместен Есентай жағалауына жақын барған. Оны соңғы рет көрген жерде үлкен жағалау бар.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Ал денесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • жумбак жан says:

    Ажал гой .Ата анасына сабыр берсин.баладан коз жазып калганнан ауыр азап омир жок ..оны енди кореалмайм искей алмайм дегенди ойласан омирден тунилесин.алла алдынан жарылкап жаны жаннатта болсын.

  • Анонимно says:

    Жузип билет екен гой. Неге жузип шыкпады екен. Суга озинен ози кулап кете алмаитын шыгар. Солай болган куннин озинде де ол жузип шыгуы керек еди гой. Аллам алдынан жарылкасын!

  • Жұмбақ жан says:

    Алла сабыр берсін! Иманды болсын!

  • Анонимно says:

    жаны жəнəттə болсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар