Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы өлдіге санаған бала жеті жыл бойы интернатта тәрбиеленген

Ресейдің Волгоград облысында алты жасар бала ата-анасымен қауышты. Осы уақытқа дейін өлді деп келген бала, мектеп-интернатта тәрбиеленген.

Бұл туралы РФ Федералдық сот орындаушысының қызметі хабарлады деп, жазады Stan.kz.

2011 жылы туылған баланы дәрігер бір аптадан артық өмір сүрмейді деген соң, ата-анасы жаңа туылған нәрестеден бас тартып, кетіп қалған. «5 күн өткеннен кейін, ерлі-зайыптылар осындай ауыр күнәні арқалап жүре алмайтынын түсініп, баласын алуға аурухана қайтіп оралған. Бірақ дәрігерлер баланы қайтыс болды деген», – деп түсіндірді сот орындаушысы.

2017 жылы алты жасар бала тәрбиеленіп жатқан мектеп-интернаттың пайдасына ерлі-зайыптылардан алименттік төлем өндіру туралы сот шешімі сот орындаушысына тапсырылды.Тексеру жұмыстары жүргізіліп, алимент төлеуге міндетті ата-ананың жеке есеп-шоты бұғатталды. Келесі күні сот орындаушысына баланың анасы келіп, есеп-шоттың не себептен бұғатталғанын анықтады.

«Құжаттарды көрген әйел бірден есінен танып қалды. Кейін белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін балаларынын өлді деп келген екен»,-дейді сот орындаушысы.

Ерлі-зайыптылар сол күні-ақ, интернатта тәрбиеленіп жатқан баласын қайтарып алу үшін сотқа жүгінген.

Жіберіп алмаңыз:

Жұртты мүшеқапсыз ләззат алуға шақырған президент елді дүрліктірді

Дәрігерлер денесінен 16 ине табылған сәбиді видеоға түсіруге рұқсат берді (видео)

АҚШ спортшыларының киімі желі қолданушыларының күлкісіне қалды

Бізді Құдай қорғасын: Жас жігіт 66 адам көз жұмған ұшақтан сүйіктісіне сурет жолдаған

Талқылау