Бізді Құдай қорғасын: Жас жігіт 66 адам көз жұмған ұшақтан сүйіктісіне сурет жолдаған

Иранда тауға соғылған ұшақ жолаушысы апатты кемеден сүйіктісіне сурет жолдаған. Ол аспанда ұшып бара жатқан кезінде ұшақтың бір қанатын видеоға түсіріп, чатта бөліскен.

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“Аман-есен жеткенге дейін бізді Құдай қорғасын”, – деп жазған апатты ұшақ жолаушысы.

Айта кетейік, Aseman Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Ясудж қаласына бет алған еді. Әуеге көтерілгеннен кейін 90 минуттан соң ұшақ радардан жоғалып кеткен. Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, бортта болған 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза болды.

 

Ал апатты ұшаққа отырмай қалған жолаушылардың бірі агенттікке берген сұхбатында: “Жаратқан расында да маған мейрімді, бірақ шейіт болғандар үшін жүрегім ауырып отыр”, – деген.

Мемлекет ішілік рейс Мехрабадтан шамамен таңғы сағат 8-де шыққан. Ясуджге дейін 2 сағатта жетуі керек болған. Ұшақтан келген соңғы сигнал таңғы сағат 9.30-да тіркелген. Бұл кезде әуе кемесі 16,975 фут биіктікте еді. Ұшақ Семиромға жақын жердегі Дена тауына соғылған.

Иран телеарналары қайғыдан қан жұтқан отбасылардың суреттерін көрсетті. Олар жақындарының соңғы жазған хаттарын көрсетіп, журналистердің алдында көз жастарына ерік берген.

Жіберіп алмаңыз:

Ұрық доноры болған ер адамның қызы 40 бауырын тапты

Еліктің аналығы баласын құтқару үшін қолтырауынның құрығына әдейі өзі түсті (видео)

26 жастағы қыз төрт жыл бойы ер адам кейпіне еніп, екі қызға үйленген

Жуынатын бөлмеде селфи түсірмекші болған әйел қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар