Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайратқа” бас бапкер болып грузиялық маман тағайындалды

Алматылық “Қайрат” командаға грузиялық маман Кахабер Цхададзенің тағайындалғанын мәлімдеді. Келісім-шарт осы маусымның соңына дейін есептелген.

геонр

Сурет ФК “Қайрат”

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ойыншы кезінде Кахабер Цхададзе тбилисилік “Динамода”, немістің “Айнтрахт” клубында, ағылшын “Манчестер Сити”, мәскеулік “Динамо”, “Спартак” сапында және Грузия ұлттық құрамасы қатарында ойнаған.

Бапкерлік мансабы 2001 жылы грузиялық “Локомотив” командасы сапында жалғасты. “Сиони”, “Стандарт”, “Интер” сияқты клубтарды өрге сүйреді. 2016 жылға дейін маман Грузия ұлттық құрамасын баптаған. Бапкер ретінде Грузия чемпионатын екі рет ұтып, бір мәрте Әзербайжан біріншілігін жеңген.

Еске сала кетсек, маусымға “Қайратты” ресейлік Александр Бородюк дайындаған еді. Алайда үшінші турда “Ақжайықтан” ұтылғаннан кейін Бородюк отставкаға кетуге өтініш білдірді. “Қайраттың” келесі матчы сырт алаңда “Атырауға” қарсы өтеді.

Талқылау