Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” жаңа бапкерімен алғашқы жеңіске жетті

Алматылық “Қайрат” футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры аясында сырт алаңда “Атырауға” қарсы ойнап алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

photo_74898

Сурет ФК “Қайрат”

“Судоремонтник” стадионында өткен ойын грузиялық Кахабер Цхададзенің ел чемпионатындағы алғашқы ойыны болды. Ойынның негізгі құрамына команданың танымал легионері Андрей Аршавин де ілікті.

Алғашқы минуттан күрделі тартыс басталып кетіп, ойынның негізгі қызық кезеңі орталық шепте өрбіді. Есеп матчтың 58-ші минутында ашылды. Голдың авторы Жерар Гоу.

Басқа ойындарда “Тобыл” мен “Ордабасы” 2:2 есебімен тең ойнаса, “Ертіс” пен “Шахтер” арасындағы матч та павлодарлықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Талқылау