Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтековтің арабша әніне сириялық жігіт сөз жазып берген

Қайрат Түнтековте come back. Аз уақыттық үзілістен кейін әнші шығармашылығына қайта кіріспек ниетте. Қазіргі таңда ол көптің көңілінен шыққан “Осы толқында” әніне бейнебаян түсіріп жатыр.

Қайрат Түнтеков

Бұл туралы Stan.kz “Гәкку” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“”Осы толқында” деген ән. Стилі – дибхауз, араб, кішкене шығысқа жақын. Өзім шығарған ән. Сол әнге түсірілгелі жатыр”, – дейді Қайрат.

Қайраттың фанаттары жақсы біледі, “Осы толқында” әнінің ішінде арабша бір шумақ бар. Бір қызығы, Түнтековке арабша сөздерді сонау Сириядан келген азамат жазып беріпті.

“Сирияның бір жігіті бар. Өзі осында қаншама жылдан бері жұмыс істейді, өзі де ән айтады. Арабтардың көбісі өнерге жақын ғой. Сөз жазатыны бар еді. Сол кісіге хабарласып, осыған кішігірім сөз жазып берсеңіз деп өтіндім. Төрт қатарды екі сағатта жазып берді”, – дейді Қайрат.

Айта кететіні, араб жігіті бұл қызметі үшін Қайраттан бір тиын да алмаған. Бұдан бөлек, Түнтеков, бейнебаяндағы бірнеше образы жайлы да айта кетті.

“Үш-төрт локация болады. Оның ішінде балерина қыз түсетіні бар. Ол жерде құм болады. Ал стильге келсек, қазіргі заманауи мен 90-жылдарғы стиль деген сияқты, қазір ол қайта келіп жатыр ғой. Екіншісі сондай стиль болады. Үшіншісі “серьезный” болайын деп тұр. Плащ, етік, кәдімгі роботқа айналып кетемін”, – деп күлді Қайрат.

Түнтеков фанаттарын жаңа бейнебаянымен қаңтар айының ортасында қуантуды жоспарлап отыр. Айтпақшы, шығармашылығына білек сыбана кіріскен әнші мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алғашқысы жарыққа шыға салысымен, Қайрат “Тек сені” атты екінші әніне бейнеклип түсіруді жоспарлап отыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау