Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков: Әлемге танымал қазақ әншісі болсам деймін

Ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпаған Қайрат Түнтеков өзінің тағдыры туралы сыр шертетін бейнебаян түсіріп, қайта оралды. Бұл ретте әнші 7kun.kz басылымына сұхбат беріп, азды-кем жаңалықтарымен бөлісті.

18580374_1306198889498939_1030346956204933120_n

Назарларыңызға Қайраттың басылымға берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

-Алда қандай мақсаттарыңыз бар?

-Бұдан кейін де тоқтамаймыз, алға қойған мақсаттар көп. Үнтаспам бар. Биыл тағы шығаруға тырысамын. Біреуі қазақ тілінде, біреуі ағылшын тілінде.

-Ағылшын тілі демекші. Бір сұхбатыңызда АҚШ-қа кетемін депсіз. 

-АҚШ-қа бару менің кішкентай кезімнен арманым еді. Америка өнердің ордасы ғой. Барлығы сол жақтан шығып жатыр. Мысалы, қарасаңыз, ондағы жұлдыздардың біреуі Британиядан, біреуі Испаниянікі, мысалы, айтайық Энрике Иглисас, Дженифер Лопес, PitBul болса бразилиялық. Америкада солар сияқты әлемге танымал қазақ әншісі шықса деп армандаймын.  Биыл, болмаса келер жылдың басында сонда кетемін деген мақсатым бар.

— Дәл қазір шын талантқа танылуға мүмкіндік көп. Жақында мұны Димаш мұны дәлелдеген сияқты. Айтпақшы, Димаштың өнеріне қандай баға бересіз?

-Бес деген баға беремін.

-Сіз орындаған  «SOS d’un terrien en detresse» әнін қандай деңгейде алып шықты? Көңіліңіз толды ма?

-Әрине, толды. Неге толмасқа? Қазақстанның атын миллиардтаған адамдарға танытты. Әркімнің өзінің стилі бар ғой. Димаштың да классика жанрына сай өзінің ерекше стилі бар. Ондай стилін қытайлықтар қалай жақсы көріп қалғанын көрдіңіз. Сондықтан кім айтып шықса да, өзіндік стилі болса, қиналмай орындап шығады. Мен мысалы, нота жағынан айырмашылық тапқан жоқпын. Өйткені тура түсіп, тура айтып шықты. Керемет, 5 деген баға беремін.

Жіберіп алмаңыз:

Атақты “Любэ” тобы әншісінің жүрегі ұстап қалды

Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты

Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын айтты (видео)

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Талқылау