Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын айтты (видео)

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 10:51

Өткен жылдың 10 маусымында елге белгілі продюсер Баян Есентаеваның өмірінде сұмдық жағдай орын алды. Бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев оны пышақтап, Мақсатқызы аурухананың жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Ол оқиғадан кейін Баян Есентаеваның өмірі түбегейлі өзгерді. Бүгінде ол өзінің сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр.

есентаева блогерге сухбат 120617

Өмірін өзгерткен сұм оқиғаға 1 жыл толған күні Есентаева блогер Ержан Рашевке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Мақсатқызы жеке өмірінің жария болғанын ұнатпайтынын мәлімдеді. Ал БАҚ беттерінде жүрген түрлі ақпараттарға өзінің тапсырыс бермегенін ашып айтты.

«Бұрын менің жеке өмірім туралы көп адам біле бермейтін. Бәлкім мен бұрынғы күйеуіммен 1-2 рет ел алдына шыққан шығармын. «Ол қалай өмір сүреді? Күйеуі немен айналысады? Неге оны көрсетпейді?» деп сұрайтындар да көп еді. 22 жыл бойы ешкім ештеңе білген жоқ. Егер бұрынғы күйеуім маған жасаған әрекетін жасамаса, бүгінгі күнге дейін де ешкім білмес еді. Өйткені мен де басқалар ұқсап барлық әрекетімді жұмсартып жасар едім. Бірақ осылай болып қалды. Өзім барлық БАҚ құралдарының аурухана есігін күзетіп тұрғанын тек 5-күні білдім», – дейді Баян Мақсатқызы.

PR-ға арнайы тапсырыс бермедім деп мәлімдеген Есентаева елге жария болып кеткеннен кейін неліктен мұндай іске барғанын түсіндіруге мәжбүр болғанын айтты.

Бұдан өзге, 22 жыл бойы махаббатсыз күн кешкенін, ал бұдан былай өзін-өзі алдағысы келмейтінін мәлімдеді.

“Мен өзімді көп жылдан бері алдап келдім. Менің басқа өмірім жоқ. Анам мені қайта тумайды. Жалғыз өмірім бар. Және мен оны өз қалауымдағыдай етіп сүргім келеді. Бұдан былай өзімді алдағым келмейді. Бұл жерде ешкімді өзімнің соңымнан ерткім келмейді. Егер алдамшы өмірде, өзіңіз сүймейтін адаммен, ақымақ немесе зұлым адаммен бірге ғұмыр кешуге қарсы болмасаңыз, қоғам үшін, мансап үшін өз-өзіңізді алдай беріңіз. Ал мен ештеңеге қарамадым. Мен шенеунік емеспін, саясаткер емеспін. Мен еркін әрі шығармашылық адаммын. Мен сүйгім келеді. Бар шындығым осы”, – деп ағынан жарылды танымал продюсер.

Мақсатқызының айтуынша, қоғамда тұрмыста бола тұра, күйеуінің көзіне шөп салатын әйелдер көп. Тек олар мұны мойындай алмайды.

“Мен өтірік айтқанды ұнатпайтын адаммын. Менің басымнан өткен жағдай да өтірік айта алмауымның кесірінен болды. Осы үшін көп ұрыс естимін. «Баян, ақылды және айлакер бол» деп айтатындар көп. Некеде бола тұра, әртүрлі әрекеттерге баратын әйелдер баршылық. Бірақ мен олай өмір сүре алмаймын. Мен өзімді алдағым келмейді деп айттым.

22 жыл бойы өзімнің бұрынғы күйеуіммен барынша шыншыл болуға тырыстым. 22 жыл менің беделіме сызат түскен жоқ. Дәл қазір экранның ар жағында отырған бірде бір адам мені «өтірік айтып отыр» деп даттай алмайды”, – деді Баян Есентаева.

Сондай-ақ, Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың жақсы жар әрі үлгілі әке болғанын тағы да бір рет қайталап өтті. Алайда оған махаббатсыз тұрмысқа шыққанын мойындады.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

Мақпал Исабековаға 101 раушан гүлін сыйлаған жігіт кім?

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның ашылуында өнер көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    О заман емесқой махаббатсыз тұрмысқа шығатын екі қыз туып алып сол байын жамандаған адамнан не үміт не қайыр

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар