Қайрат Нұртас қымбат киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірді

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 14:28

Қайрат Нұртас қымбат киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірді. Айтуынша, ондай сәттерде әнші өзін ұстай алмайды екен, деп хабарлайды Stan.kz.

pogudx47cq7sj6nv5.18ed1a80

«Ондай кезде арқам ұстап қалады. Өз-өзімді ұстай алмай қаламын. Халыққа лақтырып жібіретінім сондықтан», – деді ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Қайрат осы күнге дейін он шақты костюмін халыққа үлестірген. Алайда оның бұл әрекетінен жұрт жомарттықтан өзге себеп те тапқан. Ел арасында «Қайрат артық салмақ қосып алған, сол себепті киімдерін таратып жүр» деген әңгіме де өрбіді. Алайда әншінің анасы мұны жоққа шығарды.

«Толып кеткен түгі жоқ. Осы күні Қайраттың гардеробында костюм қалмайтын болды. Күнімен-түнімен жүретін кездеріміз болады. Ертеңгі концертке киетін костюм қалмай қалады кейде. Оған қарамайды Қайрат. Өзі бала кезінен әдеті осы. Бір затын біреуге бермесе тыныш жүре алмайды», – деп түсіндірді Гүлзира Үсенқызы.

«Мүмкін киімдеріңді жинап, кейін мұражай ашармыз» деген анасына Қайрат: «Халық қошеметін аямай жатқан кезде бір затымды берсем, иығымнан жүк түскендей рахаттанып шығамын», – дейді екен.

Ал Қайраттың костюмін ұстап алған жандардың бірі, семейлік Айдос есімді азамат әншінің ақ түсті, қымбат түймелермен безендірілген костюмін сатылымға шығарған. 560 мың теңгеге бағалаған ол костюмді арзанға бергісі келмейді. Айтуынша, жалт-жұлт еткен пиджакты автокөлікке айырбастауға ұсыныс жасағандар да табылған. Алайда оны да қанағат тұтпаған жігіт кішігірім «аукцион» ұйымдастырып жатқандай. Семей қаласында жалдамалы пәтерде тұратын жігіт сахналық киімді ең қымбат баға ұсынған адамға сатамын деп отыр.

Қайрат осыдан 1-2 жыл бұрын Шардара қаласының тұрғыны Қазыбек Дарханбайға да өз қолымен тағы бір сахналық сырт киімін табыс еткен. Сал ауруына шалдыққан бала арада бір жыл өткеннен кейін Қайраттың костюмін сатылымға шығаруды жөн көрген. Айтуынша, оның ем-домына бүгінде 400 мың теңге көлемінде қаражат қажет.

«Мен науқас болғаннан кейін емделіп, аяққа тік тұру мақсатында сатып жатырмын. Кемінде 400 мыңға сатамын», – дейді жігіт.

Ал Қайрат сырт киімдерді таратуына тағы бір себеп айтты.

“Бір костюмді әрі кетсе 3-4 концертке киемін. Одан кейін олар үйде тұрады. Ешкім кимейді. Інілерім киейін десе, шақ келмейді. Олардың бойлары 1.90-2 метр. Үйде ең кішкентайы мен. Неше түрлі аяқ киімдер аламын. Бір күні қарасам әкем өзіне тар болса да менің аяқ киімімді киіп алыпты. Інілерім де сөйтеді. “Аға, бір өлшемге артық алсаңызшы” дейді олар”, – деп күлді Қайрат. Ал сал ауруына шалдыққан Қазыбек Қайраттың есінде болып шықты.

“Иә, ол жігіт есімде. Сездім өзім, ол жігітке костюмімді берген кезде ол өмірдегі ең бақытты адам болды. Ол мен үшін қуаныш, ол мен үшін өмірімдегі үлкен бір сауап. Сондықтан шын ниетіммен бердім”, – дейді ол.

Қайрат Нұртас – қолы ашық, жомарт әншілердің бірі. Ол үнемі өзінің қымбат киімдерін елге үлестіріп береді, одан бөлек, жуырда әнші өзінің әкімшісі әрі досы Айдын Құдабаевқа Алматыдан құны 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берген.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас: Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек?

Төреғали Төреәлі Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртасқа арнап өлең шығарды (фото)

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың жолын бөгеп, көпке дейін жібермей қойды (видео)

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар