Қайрат Нұртастың Павлодардағы концерті тыңдармандарының көңілін қалдырды

Жексенбі, 6 Наурыз , 2016 12:14

Еліміздің ең танымал әншісі бірнеше қаланы аралап, концерт беруді жоспарлаған болатын. Тіпті Қостанай қаласында өткізілетін концертінің жарнамасы үшін ұятқа қалған-ды. Алайда бұл тыңдармандарының наразылығының жанын да түкке тұрмайтын қателік екен.

f7e716c2-c612-4093-9529-3af81e6483e8

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

4 наурыз күні Павлодарда өткен “Үміт үзбеймін” концертінің көңілден шықпағаны туралы Фарида Ақжанова есімді ару айтып берді. Сөзіне сенсек концерт кеш басталып, еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін аяғынан тік тұрып күтуге мәжбүр болған. Арасында Қайраттың орнына бейтаныс әнші қыздар мен әкесі өлең айтқан кездер болған.

“Достар! Бүгін, 4 наурыз күні Павлодарда Қайрат Нұртастың жеке концерті өтті, әрине мұны концерт деп атай алсақ. Концерт бір сағат кеш басталғанымен қоймай, қариялар мен балалар, адамдар дәлізде күтіп тұрды. Ол бар болғаны 5-6 өлең айтты, бар уақытын киім ауыстыруға жұмсады. Бұл уақытта неге екені белгісіз әкесі 4 ән айтты”, – деп әкесін немесе бейтаныс бойжеткендерді емес, Қайрат Нұртасты ғана тыңдау үшін келгенін жеткізді.

ипп

Ары қарай “Менің қатты көңілім қалды. Енді ешқашан концертіне аяқ баспаймын. Жұмысы сондай сапасыз болып, кәсібилігін көрсете алмады, бұл жиналған қауым мен тыңдармандарына деген құрметсіздік. Шынымды айтсам, ақшам желге ұшты деп өмірімде бірінші рет өкініп отырмын. ҚР әртісінің өнерінен ерекше сезімге бөленіп, ләззат ала алмадым. Ал ол депутат болғысы келіп жүр” деп әншінің аталған концертке еш дайындықсыз келгенін, 6500 теңгесінің құры кеткенін жеткізді.

Әншінің бұл әрекеті расымен тыңдармандарына деген құрметсіздік пе, әлде басқа себебі бар ма белгісіз.

4bdf50f9-59e7-4f01-8e2f-519d0eb9ffd4

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртасты анасы туған күнімен құттықтай алмай жатқаны туралы азған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

29
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар