Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың қасында тұрып оның биін айнытпай салған жігіт желіні “жарды” (видео)

Желіде Қайрат Нұртастың жанында тұрып, оның биін айнытпай салған жігіттің видеосы пайда болды.

кайрат нуртастын биі

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елді қыран-топан қылған оқиға Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болған.

Тойға келген қонақтардың бірі Қайрат Нұртас ән салып тұрған кезде сахна шетінде тұрып, оның биін айнытпай салған. Қайраттың өзі алғашқыда өзге қонақтармен суретке түсіп, әлгі жігітті байқамаса керек-ті. Алайда сәлден кейін ол өзінің қимылын қайталаған жігітті көріп қалып, оған сүйсіне қарады.

Видеоны желіге Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жүктеп қойды.

Кешегі Алматыдағы тойдан.

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Ал желідегілердің пікірі сан саққа жүгірді. Кейбіреулер жас жігіттің тұнып тұрған талант екенін айтса, ендігілер бұл бидің Қайраттың өзіне ғана жарасатынын айтып жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Бет-аузы көгерген Қайрат Нұртас тыңдармандарын шошытты

Павлодарлықтар Қайрат Нұртастан қымбат тон дәмеленіп жүр

Украин қызын аймалаған Ерлан мен Баянның ұлы көпшіліктің “аузын аштырды” (видео)

Ерке Есмаханның ресейлік олигархпен көңіл қосқаны рас па?

Талқылау