Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украин қызын аймалаған Ерлан мен Баянның ұлы көпшіліктің “аузын аштырды” (видео)

Мысыр елінде демалып жатқан Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева желіде қызықты видеомен бөлісті. Онда жұлдызды жұптың ұлы Назарали өзі ұнатып қалған украин қызын аймалауда.

назарали ураинка

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кішкентай Назаралидің қылығына өзгелерден бұрын өз ата-анасы таңғалды.

“Ұлым өзіме тартқан. Тіпті ішіп отырған түскі асын ұмытып кетті! Баламды басқа қырынан көріп аң-таң боп отырмын”, – деп жазып қойды Ерлан Орынбасаров.

Баян Нұрмышева ұлының әкесі сияқты романтик болатынын жеткізді.

“Үйде баланың мінезі 100% байқалмайды екен. Түзде жүріп, сырттай бақыласаң, өте қызық, əрі өзің таңқаласың. Назикош, мына қызға шынымен ғашық болып қалған сияқты. Тіпті жеп отырған тамағына дейін береді. Əкесі сияқты романтик болады-ау шамасы”, – дейді Баян Нұрмышева.

ерлан орынбасаров 130317

Видеоны көрген желі оқырмандары күлкіге қарық болды. Олар Назаралидің қылығына тәнті болып, сан түрлі пікірлерін “жаудырды”.

“Міне нағыз қазақтың жігіті, қыз әдемі екен”, “Ұлыңыз жігіт болды, құда түсуге дайын болыңыз”, “Қызға қырындаған түріңнен сол, мұрнын бәрін тексеріп жатқанын қарашы”, “Жаным-ау, қайдан біледі екен өзі”, “Көргенін істеп тұр ғой, махаббат көріп, сезініп өскен бала сүйіспеншілікке толы болып өседі”, “Жігіт болып қалыпты”, – деп таңданысын білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Бет-аузы көгерген Қайрат Нұртас тыңдармандарын шошытты

Жезқазғандық баланы көпшілік екінші Димаш деп атады (видео)

Айгүл Иманбаева: Енді әртіс жігітке тұрмысқа шықпаспын

Талқылау