Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Қайрат Нұртас тыңдармандарына уәде еткен бейнебаянының тұсауын кесті. Әншінің «Жұбатуға арналады бұл әнім» туындысында жастар бір-біріне деген сезімін би арқылы жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz.

кайрат жубатуга_12

Қазақстандағы қаламақысы ең жоғары әнші Қайрат Нұртас бұл әнді жарты жылдан аса уақыт бұрын жарыққа шығарғанымен, еш жерде жарияламаған. Әншінің айтуынша, аталмыш туындының ресми нұсқасы ғаламторға жүктелмей-ақ, таралып хитке айналған. Видеоның режиссері – Егор Лымарев.

Қайраттың жаңа туындысы расында да ерекше. Ең алдымен, алғаш рет әнші өзінің бейнебаянында басты рөлді сомдамайды. Мұнда Қайрат тек екі жастың арасындағы махаббат хикаясын баяндаушының рөлін атқарады.

“Бейнебаян халыққа ұсынылған соң сөзсіз хитке айналады деп ойлаймын”, – деп атап өтті әншінің өзі.

Жіберіп алмаңыз:

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті

Жанат Бақыт: Арнада “крышасы мықты” адамдар ғана қалды

Талқылау