Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас «Жүрегіңнен бір орын бер» әнінің авторына қаламақысын төлемей қойған

Әншілерді халыққа жақын ететін де, жұлдызын жарқырататын да – ән. Өнерде жүрген әр әншінің жұлдызын жаққан әні бар. Қайрат Нұртас дегенде «Арман» әні есімізе түссе, «Махаббат жалыны» әнін естігенде, бірден Мәдина Сәдуақасова көз алдымызға келеді. Бұл орайда әннің сөзін жазатын ақындардың да үлесі зор. Алайда әншілердің ән жазушыға қоятын өз талаптары бар болып шықты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Хит әнші Қайрат Нұртасқа ақындардың өздері жыр жолдарын электронды  почтасына немесе WhatsApp желісіне жіберіп отырады екен. Алайда, әнші кез-келген әнге мән беріп көз жүгірте бермейтін сияқты. Дегенмен, жүрекпен орындайтын Қайрат әннің сөзі жүрекпен басталса болды екен, сол ақынмен жұмыс жасауға тырысады екен. Оны ақындар да растайды.

«Қайрат Нұртасқа жібердім. Гүлзираға апай Нұртасқа келетін ән жаздыртып алатынын бірден айтты. Біз ешкімге берме деп айтамыз. Өз орындаушысын тапты ғой. Жүректен басталатын ән Қайратқа ғана жақын.  Сол Қайратқа келгеніне өзім қуандым», – дейді ақын Саят Әбенов.

Ақын Саят Әбеновке хит әнші Жүрегіңнен бір орын бер деген әні үшін әлі күнге дейін  қаламақы төлемепті. Қайрат алдымен ән «хит» болсын деген талап қойыпты.

«Өнер сатылмайды, өнер бағаланады. Рас бәрінің қаламақысы болады. Бірақ олардан талап етіп жатқан жоқпын», – дейді ақын Саят Әбенов.

«Чип-Чип» әнін айтамын деп біраз сынның астында қалған Асхат Тарғыновтың бүгінде ақын-жазушыларға қоятын талабы күшейген.

«Сөзіне қатты мән беремін», – дейді әнші Асхат Тарғынов.

«Иә солай талап етемін. 3-4 нұсқасын жазып беріңіз деп айтамын. Біреуі ұнамай қалса, екіншісі ұнайды», – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.

Әнші Бүркіт ән іздеп сандалмайды. Өйткені, әншінің орындап жүрген әндерінің басым бөлігін ақын әрі әншінің анасы Айша Көпжасарова жазады.

Ән әншінің – бағы. Сондықтан да, жұлдыздарға әннің авторларымен шекісіп, әнсіз қалу – басындағы бағынан айырылғаннан кем түспейді.

Оқи отырыңыз:

Кезінде Димаш Құдайбергенді сынаған Бағым Мұхитденова: Пікірім әлі өзгерген жоқ

Димаштың жаңа əні Қытайда рекорд орнатты (видео)

Бағым Мұхитденова алғаш рет Мөлдір Әуелбекованың сатқындығы жайлы шындықты айтты

«Евровидение» байқауының жеңімпазы шашын тақырлап тастады (фото)

Талқылау