Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа əні Қытайда рекорд орнатты (видео)

Әнші Димаш Құдайберген өзінің орындауындағы «The Crown» әні қытайлық QQ music қосымшасында бірінші орынға көтерілгенін айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Сонымен қатар әнші бұл жағдайға өзінің де қатты таңданғанын жасырмады.

«QQ music» платформасында Ұлықпан ағам жазып берген «The crown» деген жаңа əнімді салған бойы, жарты сағаттың ішінде ең көп сатып алынған əндердің көшін бастап отырғанына таңданып отырмыз. Сіздерге үлкен рахмет! Қатты қуантып қойдыңыздар. Сіздердің осынау қолдауларыңызбен жыл əні атанып кетсе, таңқалмайтын да шығармын. Ұлықпан аға жасай беріңіз!» – деп жазды әнші.

Димаштың сөзінше, әннің авторы – әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасов.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова алғаш рет Мөлдір Әуелбекованың сатқындығы жайлы шындықты айтты

«Евровидение» байқауының жеңімпазы шашын тақырлап тастады (фото)

Ерке Есмахан туған күнін Алматыдағы достарымен атап өтті

Нағима Есентаева Баян Мақсатқызының атышулы оқиғаға қатысты өтірігін әшкереледі

Талқылау