Әбдіжаппар Әлқожа: Мен қалай болса солай шыға салатын әнші емеспін

Бүгінде жас буынның аңсары қандай әндерге ауған? Осы сауалды жастардың өздеріне қою үшін Алматыдағы адам көп шоғырланатын орындарға бардық. Жастардың талғамын тексеру үшін біз де ғаламторға үңіліп көрдік. Себебі, бүгінде ғаламтор оның ішінде түрлі әлеуметтік желілер әнші қауымының танымалдылығын одан сайын арттыратыны сөзсіз. Сонымен «ютуб» желіге кіріп, қай әншінің, қай әні ең көп  қаралымға ие болғанын бірге саралап көрейік.

Осыдан 7-8 ай бұрын жүктелген әнші Ерке Есмаханның – Қайда? деген әнін 54 миллион адам тамашалаған. Рэпер Жах Халибтің Лейла әнін 43 миллион, ал Ернар Айдардың – «Күнім, сен сөнбеші» әнін 15 миллионнан астам көрген. Соңғы уақытта ерекше танымалдылыққа ие болған Қуандык Рахым мен Албина Шардарованың – «Болайық бірге» әні өзіне 11 миллион адамды елітіп әкетіпті, деп хабарлайды 31 арна.

Қайрат Нұртастың әрбір әні хит. Еңбекқор әнші ән қоржынындағы туындыларын ай сайын емес, тіпті апта сайын жаңартып отырады. Соңғы шыққан әнін Қайрат сөзсіз хит болатынын алдын-ала сезген көрінеді.

«Жүрегіңнен бір орын бер» әнім шықпай жатып хит болған», – дейді әнші Қайрат Нұртас.

Жастардың талғамына сай келетін тағы бір ән – ол Нұрболат Абдуллиннің  «Сен қорқақсыңы». Ю туб желісіне жүктелгеніне бір жыл өтпей-ақ 10 миллион (10 144 896) адам көріп үлгерген. Әнші «Сен қорқақсың» әнін айтамын деп өзі де қорқақ болып қалған сияқты. Түсірілім тобымызға сұхбат беремін деп уәде беріп алып, аяқ астынан айнып қалғаны бізді таңқалдырды. Алдына ала жұмыс кестесін құрмайтын Қуандық Рахым да сұхбаттан қашып, уәдесінде тұрмады. Халық алдында жүрген әншілердің мұндай жауапсыз іс әрекеттерін қалай бағалауға болады?

Жас әнші – Әбдіжаппар Әлқожа.Оның әнін ғаламторда 7 миллионнан астам адам көріп үлгерген. Үлкен сахнада өнер көрсетіп жүргеніне биыл сегіз жыл толыпты. Бірақ, соңғы екі жыл көлемінде сөздері жеңіл, ырғақты,тез жатталатын әндерінің арқасында  жастардың сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған. Ол үшін біраз тер төгіпті.

«Менің әндерімнің барлығын ақындар жазады. Қалай болса солай шыға салатын әнші емеспін», – дейді жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа.

Жастар арасында аса танымалдылыққа ие болған  жас әншілердің бірі – Зируза. Оның «Қиын-Оңай» деген әні екі айдың ішінде 3 миллион рет тыңдалыпты (3 460 801). Ал, «91 тобының» Аяма деген әні ютуб желісіне осыдан бір ай бұрын ғана жүктелген. Қаралымы жағынан 4 миллионға жеткен.

Оқи отырыңыз:

Интимді би билеген Алла Пугачева жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Ұстазының тойында асыр сала билеген Мейрамбек Бесбаев көпшілікті таңғалдырды (видео)

Баян Мақсатқызы: Өзі түк бітірмей тұрып біреудің еңбегін жоққа шығаратындар – бейшаралар

Қарапайым халыққа тиіспеген енді әншілер қалды ма: Қуат Найман Төреғали туралы айтқан пікірін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар