Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас тағы бір кішкентай тыңдарманының арманын орындады (видео)

Қарапайымдылығымен халықтың жүрегінен орын тапқан Қайрат Нұртас тағы бір қылығымен көзге түсті. Ол кішкентай тыңдарманының арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртастың фан-парақшаларының бірінде әншінің кішкентай ғана жанкүйерінің үйіне қонаққа барған видеосы пайда болды. Онда Қайрат науқас балаға сый-сыяпатын табыс еткен.

Мұны көрген желі қолданушылары әншінің кішіпейілділігіне, қарапайымдылығына тәнті болды.

“Қарапайымдылығыңызбен елдің жүрегің жаулап алған жансыз ғой. Жарайсыз, көріп, қатты қуанып отырмын. Сізге де Алланың нұры жаусын”, – деп жазды Аяла Қуатбек есімді желі қолданушысы.


Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау